О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 143 «Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форм, содержания и элементов защиты акцизных и учетно-контрольных марок» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16444 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларында: 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «21. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалардың іс жүзінде есептен шығарылғаны және жойылғаны туралы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау маркаларының сериясы, нөмірлерінің диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Актінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылады. Актінің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі. 22. Ескі үлгідегі акциздік маркалардың іс жүзінде есептен шығарылғаны және жойылғаны туралы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескі үлгідегі акциздік маркалардың түрі мен саны көрсетілетін ескі үлгідегі акциздік маркаларды есептен шығару және жою туралы актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Актінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылады. Актінің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.»; 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы акті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы «__» ________ № ___ бұйрығына 1-қосымша Шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларына 1-қосымша Нысан Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы акті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20 жылғы «__» № бұйрығына сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия: _______________________________________________________________ саны: __________________________________________ данадағы ескі үлгідегі есепке алу – бақылау маркаларын, оның ішінде: ______________________________________________________________ (сериясы және нөмірінің диапазондары, саны жазумен) данада есептен шығаруды және жоюды жүргіздік. Комиссия төрағасы: 1) _____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы) Комиссия мүшелері: 2) _____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы) 3) _____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы) Ұйымның өкілі: _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы) Мөр орны (мемлекеттік кірістер органдары үшін)
Басқа 2. Ескі үлгідегі акциздік маркаларды есептен шығару және жою туралы акті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы «__» _______ № ___ бұйрығына 2-қосымша Шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларына 2-қосымша Нысан Ескі үлгідегі акциздік маркаларды есептен шығару және жою туралы акті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20 жылғы «__» _________ № бұйрығына сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия: _______________________________________________________________ ______________________________________________________________ саны: __________________________________________ данадағы ескі үлгідегі акциздік маркаларын есептен шығаруды және жоюды жүргіздік. Комиссия төрағасы: 1) ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы) Комиссия мүшелері: 2) ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы) 3) ____________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы) Ұйымның өкілі: ______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы) Мөр орны (мемлекеттік кірістер органдары үшін)