О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 143 «Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форм, содержания и элементов защиты акцизных и учетно-контрольных марок» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлерді тіркеу мемлекеттiк реестрiнде № 16444 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілер электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 наурызда жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларының: 1-тармағын келесі редакцияда жазылсын: «1. Осы Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шарап материалын, сыраны және сыра сусынын (бұдан әрі – алкоголь өнімі) қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.» 5-тармағын келесі редакцияда жазылсын: «5. Акциздік марка мынадай түрде орналастырылады: фильтрлі сигареттің жұмсақ қорабындағы қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік маркадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) орналасуы тиіс; фильтрлі сигареттің қайырма қақпақты қорабындағы акциздік марка қораптың артқы бетінде орналасуы, қораптың бұрышын жауып және бүйір бетіне өтуі тиіс; фильтрсіз сигарет қорабында акциздік марка қораптың сол және оң жақ шетінен бірдей аралықта қораптың артқы бетінде тігінен орналасуы әрі қорапты ашар жерді басып өтуі тиіс; папирос қорабында қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік маркадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бірдей аралықта) орналасуы тиіс; қыздырылатын темекісі бар бұйымдар қорабында қораптың артқы бетінде қораптың бұрышын жауып және бүйір бетіне өтіп орналасуы тиіс; басқа темекі бұйымдарының қорабында акциздік марка қораптың артқы бетінің ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) немесе қораптың артқы жазық бетінде орналасады, бұрышты жабады және қораптың бүйір жазықтығына өтеді. Темекі бұйымдарының қорабын целлофанмен орау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциздік марканың үстінен жүргізілуі тиіс. Қорапты ашқан кезде темекі бұйымдарына арналған акциздік марка бүлініп қалатындай орналасуы тиіс. Темекі бұйымдарына арналған акциздік маркаларды желімдеу кезінде марканы тауардан бүлдірмей алуға және акциздік марканы қайта пайдалануға мүмкіндік бермейтін желім пайдаланылады. Акциздік маркаларды желімдеуге қолданылатын желім оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшін жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлі деңгейлеріне төзімді болуы тиіс.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.