О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 144 «Об утверждении Правил получения, учета, хранения, выдачи учетно-контрольных марок и представления обязательства, отчета производителя и (или) импортера о целевом использовании учетно-контрольных марок при производстве и (или) импорте в Республику Казахстан алкогольной продукции, а также порядок учета и размер обеспечения такого обязательства» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді. Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізілген кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.»; 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6 Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған «Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі. 7. Көрсетілетін қызметті алушылар «Есепке алу-бақылау маркаларын және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге және мемлекеттік кірістер органына жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей: осы Қағидаларға 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өніміне ЕБМ (бұдан әрі – өндірістік өтінім) дайындауға арналған өтінімді; осы Қағидаларға 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне ЕБМ дайындауға арналған өтінімді (бұдан әрі – импортық өтінім) ұсынады. 8. Жаңадан құрылған немесе алкоголь өнімін өндіру және (немесе) импорттау бойынша қызметті бастаған ЕБМ көрсетілетін қызметті алушылары ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге және мемлекеттік кірістер органына: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өндірістік өтінімді; осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде импорттық өтінімді ұсынады. 9. ЕБМ қызметін алушылар, ЕБМ саны өзгерген кезде, бұрын тапсырылған: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде қосымша өтінім жасау жолымен өндірістік өтінімге; осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ЕБМ алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде импорттық өтінімді жасау жолымен өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. ЕБМ саны өзгерген кезде, қосымша өтінімде мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне байланысты қосу немесе алу мәнімен өзгерістер көрсетіледі. 10. Алкоголь өнімін импорттайтын ЕБМ көрсетілетін қызметті алушылардан импорттық өтінімді қабылдау, оның негізінде акцизделетін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмелері ұсынылған кезде жүргізіледі. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болмауы, Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 5), 7), 10), 12) және 13) тармақшаларының орындалмаған хабарламалардың болмауы импорттық өтінімді келісу үшін міндетті шарт болып табылады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Мемлекеттік кірістер органы ұсынылған өндірістік және (немесе) импорттық өтінімдерді ақпараттық жүйе арқылы: өндірістік өтінімді – келіп түскен күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде; импорттық өтінімді – келіп түскен күннен бастап, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келіседі немесе оларды келісуден бас тартады. Осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген талаптар сақталмаған кезде мемлекеттік кірістер органы ұсынылған ЕБМ арналған өтінімдерді келісуден бас тартады.»; 22-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай реакцияда жазылсын: «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің сомасы толық төленбеген кезде, Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 5), 7), 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген орындалмаған хабарламалардың болмауы келісуден бас тартады.»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өнімін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушыға ЕБМ беруді көрсетілген қызметті беруші ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ алуға арналған өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушыға ЕБМ беруді көрсетілген қызметті беруші ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ алуға арналған өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүргізеді. Көрсетілетін қызметті беруші ЕБМ дайындағаны үшін төлем болмаған кезде ЕБМ беруден бас тартады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ЕБМ-ге штрих-код жапсырылған ЕБМ береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1311 бұйрығына қосымша Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларына 2-қосымша «Ал­ко­голь өні­міне (ша­рап ма­те­ри­а­лы, сы­ра мен сы­ра су­сы­нын қо­с­па­ған­да) есеп­ке алу-ба­қы­лау мар­ка­ла­рын бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың тіз­бе­сі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің Банк­нот фаб­ри­ка­сы» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді «Есеп­ке алу-ба­қы­лау мар­ка­ла­рын және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің Банк­нот фаб­ри­ка­сы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­ры­ны­ның бас­қа бас­па өнім­де­рін ба­қы­лау, есеп­теу және бе­ру» ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (бұ­дан әрі – ақ­па­рат­тық жүйе) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ра­ды. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да өн­ді­рі­ле­тін ал­ко­голь өні­мін таң­ба­лау үшін ша­рап ма­те­ри­а­лы, сы­ра мен сы­ра су­сы­нын қо­с­па­ған­да, ал­ко­голь өні­міне ар­нал­ған есеп­ке алу-ба­қы­лау мар­ка­ла­ры­на (бұ­дан әрі – ЕБМ) жап­сы­ры­л­ған штрих-код­пен және есеп­ке алу-ба­қы­лау мар­ка­ла­рын алу­ға өті­ніш­ке ЕБМ нө­мір­ле­рі­нің диа­па­зон­да­рын жал­ғауды жү­зе­ге асы­ру­мен есеп­ке алу-ба­қы­лау мар­ка­ла­рын алу­ға өті­ніш­тер­ді мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны рас­та­ған күн­нен ба­стап 3 (үш) жұ­мыс кү­ні ішін­де жүр­гі­зе­ді. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на им­порт­та­ла­тын ал­ко­голь өні­мін таң­ба­лау үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ЕБМ бе­ру­ді көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті бе­ру­ші ЕБМ жап­сы­ры­л­ған штрих-код­пен және ЕБМ алу­ға ар­нал­ған өті­ніш­ке ЕБМ нө­мір­ле­рі­нің диа­па­зон­да­рын бай­ла­ны­сты­ру­ды жү­зе­ге асы­ру­мен ЕБМ алу­ға ар­нал­ған өті­ніш­тер­ді мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны рас­та­ған күн­нен ба­стап күн­тіз­бе­лік 60 (ал­пыс) күн ішін­де жүр­гі­зе­ді. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі ЕБМ жап­сы­ры­л­ған штрих-код­пен және ЕБМ нө­мір­ле­рі­нің диа­па­зон­да­рын бай­ла­ны­сты­ру­ды жү­зе­ге асы­ру ЕБМ бе­ру бо­лып та­бы­ла­ды. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ал­дын ала жа­зы­лу та­лап етіл­мей­ді, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту көз­дел­ме­ген; 2) ақ­па­рат­тық жүйе – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) жа­ңа күн­тіз­бе­лік жыл ба­стал­ған­ға дей­ін күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн­нен ке­шік­тір­мей ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы: осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­са­на бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да өн­ді­рі­ле­тін ал­ко­голь өні­міне ЕБМ (бұ­дан әрі – өн­ді­рі­стік өті­нім) дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған өті­нім­ді; осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан­дар бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на им­порт­та­ла­тын ал­ко­голь өні­міне ЕБМ дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған өті­нім­ді (бұ­дан әрі – им­пор­тық өті­нім); 2) сырт­қы са­уда шар­ты­ның (ке­лі­сім­шар­ттың) кө­шір­ме­сі; 3) осы осы Қа­ғи­да­лар­ға 5, 6 неме­се 7-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес – ақ­па­рат­тық жүйе ар­қы­лы ал­ко­голь өні­міне ЕБМ алу мақ­са­тын­да; 4) өн­ді­ру және (неме­се) им­порт­тау ке­зін­де: осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ні; мін­дет­те­ме­нің орын­да­луын рас­тай­тын құ­жат­ты (тө­лем құ­жа­ты, банк ке­піл­ді­гі, ке­пі­л­гер­лік шар­ты, мү­лік­ті ке­пі­л­ге қою шар­ты) қо­сым­ша ұсы­на­ды. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін ЕБМ дай­ын­да­ға­ны үшін төлем­нің бол­мауы негіз бо­лып та­бы­ла­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған – www.​pbf.​kz. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ақ­па­рат­тық жүйе ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы қа­шық­тық­тан қол же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы 1414, 8800080777 ар­қы­лы ала ала­ды.