О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования»
- Атауы (қаз.)
- «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 639
- Қабылданған күні
- 29.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2018 123666_341952.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017213
- ЭКБ идентификаторы
- 123666
- Редакция идентификаторы
- 123666_341952
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:51
0 «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нысанында:
екінші бөліктің 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының талаптарын орындамаған жағдайда, Сізге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 288 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылатын болады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.