О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 42 «Об утверждении Перечня категорий физических лиц, имеющих право на социальную поддержку в соответствии с законодательством Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16458 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесі
Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың санаттарына жеке табыс салығы осындай беру күніне:
Тармақша 1
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар;
Тармақша 4
4) зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 5
5) он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
Тармақша 6
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
Тармақша 7-1
7-1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-162/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21537 болып тіркелген) бекітілген айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген) бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 болып тіркелген) бекітілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.