О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 68 «Об утверждении Инструкции по использованию средств, предусмотренных в республиканском бюджете на представительские расходы по бюджетной подпрограмме «Повышение боевой готовности Вооруженных Сил Республики Казахстан» бюджетной программы «Обеспечение боевой, мобилизационной готовности Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16469 болып тіркелген, 2018 жылғы
19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі
нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі
нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының
19-47) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі заңнаманы қолдануды нақтылайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік протоколының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік протокол) шетелдік делегациялардың деңгейіне байланысты сапарлар «аса жоғары деңгейдегі» және «жоғары деңгейдегі» сапарларға бөлінеді.
«Аса жоғары деңгейдегі» сапарларға мемлекеттер немесе үкіметтер басшыларының сапарлары, «жоғары деңгейдегілерге» – сыртқы саяси ведомстволар басшыларының, басқа да ресми адамдардың сапарлары жатады.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығыстарға шетелдік делегацияларды қабылдау, отырыстар, конференциялар, кеңестер, семинарлар, халықаралық бірлескен
оқу-жаттығулар мен операциялардың салтанатты және ресми іс-шараларын жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасына шақырылатын адамдардың тұруын және белгіленген пунктке дейін көліктік шығындарды төлеуге;
Тармақша 2
2) ресми қабылдауларға (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар);
Тармақша 3
3) кофе-брейктерге (буфеттік қызмет көрсету);
Тармақша 4
4) музыкалық сүйемелдеуге;
Тармақша 5
5) кәдесыйлар, естелік сыйлықтар, гүл композицияларын (гүлдер), су сатып алуға;
Тармақша 6
6) автокөлік қызметін көрсетуге;
Тармақша 7
7) аудармашылардың қызметтерін төлеуге;
Тармақша 8
8) залды жалға алуға;
Тармақша 9
9) әуежайда делегациялардың ұшып келуі мен ұшып кетуіне қызмет көрсетуге;
Тармақша 10
10) сапар шеңберінде делегациялардың, сондай-ақ салтанатты
іс-шараларға қатысушылардың музейлерге, мәдени-демалыс ұйымдарына баруына;
Тармақша 11
11) залдарды безендіруге;
Тармақша 12
12) мәдени, спорттық және басқа да іс-шаралардың жеңімпаздары мен қатысушыларына жүлделер, бағалы сыйлықтар сатып алуға;
Тармақша 13
13) халықаралық уағдаластықтар бар болған жағдайда (келісім, шарт, меморандум, хаттама) бірлескен халықаралық оқу-жаттығулар мен операцияларды, жарыстарды, Армиялық халықаралық ойындарды өткізу барысында шетелдік делегациялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тамақтануына арналған шығыстар жатады.
Тарау 2. 2-тарау. Өкілдік шығыстарды пайдалану
2-тарау. Өкілдік шығыстарды пайдалану
Тармақ 3
3. Кезекті қаржы жылына арналған бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражат мөлшеріне сүйене отырып, өкілдік шығыстарды талап ететін іс-шаралардың жылдық жоспары (бұдан әрі – Жоспар) жасалды.
Құрылымдық бөлімшелер жоспарланатын кезеңге арналған бюджеттік өтінімге қосу үшін түсіндірме жазбаны және негіздеу құжаттарын қоса бере отырып, Жоспарға ұсыныстар ұсынады.
Тармақ 4
4. Өкілдік шығыстарды жоспарлау осы Нұсқаулыққа қосымшада көзделген лимиттер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жоспардан тыс іс-шаралар жүргізілген жағдайда шығыстар сметасында қаражатты қайта бөлу үшін Жоспардың тармағына сілтеме көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Өкілдік шығыстарға қаражат бөлу жоспарланған іс-шара жүргізілгенге дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 7
7. Өкілдік шығыстарға қаражат бөлу мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) іс-шараны жүргізу қажеттілігінің негіздемесі;
Тармақша 2
2) іс-шараны жүргізу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) іс-шараға дайындалудың және оны жүргізудің жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) іс-шараға қатысушылардың құрамы;
Тармақша 5
5) іс-шара шығыстарының әрбір құжатын негіздеумен шығыстар сметалары.
Тармақ 8
8. Жоспарда көзделген өкілдік шығыстардың тізбесі, мөлшері мен құны мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізіледі.
Тармақ 9
9. Іс-шараны жүргізу бағдарламасында ресми қабылдау, кофе-брейк, кәдесый алмасу, делегацияны орналастыратын жер және мәдени
ойын-демалыс ұйымдарына, музейлерге бару көзделеді.
Тармақ 10
10. Тексеру (инспекциялау) үшін келетін шетелдік инспекциялау топтарын қамтамасыз ету шеңберінде бірге жүретіндер мен аудармашылардың саны инспекциялауды жүргізу тәртібіне байланысты айқындалатын кезде Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, делегация құрамы бес адамнан артық болған кезде делегацияға қызмет көрсететін бірге жүретін адамдардың және аудармашылардың саны (ілеспе аудармадан басқа) кемінде делегацияның бес мүшесіне бір аудармашы немесе бір бірге жүруші есебінен айқындалады.
Тармақ 11
11. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 24) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Өкілдік шығыстарды есептен шығару шығыстар сметасын,
іс-шараны жүргізу бағдарламасын және нақты шығыстарды растайтын құжаттарды (жүкқұжат, орындалған жұмыстар актісі, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау актісі) қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Басқа 1. Өкілдік шығыстар лимиті
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Өкілдік шығыстар лимиті
Р/с
№
Шығыстар атауы
Құны теңгеде
1.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында көзделген қабылдауларды өткізуге (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар) шығындар, делегациялар үшін күніне бір адамға есебінен жүргізіледі
6 500 теңгеге дейін
2.
«Аса жоғары деңгейдегі» және «жоғары деңгейдегі» сапарларға жататын делегацияларды қабылдауды өткізуге (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар) шығындар, делегациялар үшін күніне бір адамға есебінен жүргізіледі
13 000 теңгеге дейін
3.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының қатысуымен қабылдауларды өткізуге (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар) шығындар, күніне бір адамға есебінен
30 000 теңгеге дейін
4.
Кофе-брейктер (буфеттік қызмет көрсету) күніне бір адамға есебінен
1 040 теңгеге дейін
5.
«Аса жоғары деңгейдегі» және «жоғары деңгейдегі» сапарларға жататын кофе-брейк (буфеттік қызмет көрсету) күніне бір адамға есебінен
2 500 теңгеге дейін
6.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа), сағат бойынша төлеу есебінен
700 теңгеге дейін
7.
«Аса жоғары деңгейдегі» және «жоғары деңгейдегі» сапарларға жататын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа), сағат бойынша төлеу есебінен
3000 теңгеге дейін
8.
Автомобиль көлігімен шетелдік делегацияларға қызмет көрсетуге арналған көліктік шығындарды төлеу сағат бойынша төлеу есебінен көзделеді
1 200 теңгеге дейін
9.
«Аса жоғары деңгейдегі» және «жоғары деңгейдегі» сапарларға жататын шетелдік делегацияларға автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көліктік шығындарды төлеу сағат бойынша төлеу есебінен көзделеді
жеңіл автомобильдер үшін
2000 теңгеге дейін,
шағын автобустар үшін
2500 теңгеге дейін,
автобустар үшін 3200 теңгеге дейін
Ескертпе: ресми қабылдауларды және кофе-брейктерді өткізу уақытында Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылар саны шетелдік делегациялар тарапынан қатысушылар санынан аспауға тиіс.