О внесении изменений в решение маслихата района Аққулы от 8 апреля 2019 года № 198/39 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата района Аққулы» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі «Аққулы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 198/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі «Аққулы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 198/39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6294 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген  шешіммен бекітілген Әдістеменің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Аққулы аудандық мәслихат аппараты немесе кадр қызметінің міндеттерін атқару жүктелген тұлға (кадр қызметі бойынша бас маман) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»; көрсетілген  шешіммен бекітілген Әдістеменің 41-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, бас маман және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады. Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»; көрсетілген шешіммен бекітілген Әдістеменің 42-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аққулы аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.