О внесении изменений в решение маслихата Павлодарской области от 8 ноября 2019 года № 418/35 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Павлодарской области» Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35
«Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының
мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін
айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6604 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік көмек түрінде бастапқы жарна сомасының 100 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;
2) әлеуметтік қолдау түрінде бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде тұрғын үй сертификаттарының мөлшері белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.