О внесении изменений в решение маслихата Павлодарской области от 8 ноября 2019 года № 418/35 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Павлодарской области» Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 418/35 «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының
мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін
айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6604 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» № 417 бұйрығына (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«1) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.