О внесении изменений в постановление акимата города Туркестана Туркестанской области от 8 мая 2019 года № 532 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов всеми кандидатами на территории города Туркестан» Қолданыста
Басқа 0
Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 532 «Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 532 «Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5043 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
осы қаулы тіркелген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркістан қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Бердикулов
Басқа 5. «Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Түркістан
қаласы әкімдігінің 2019 жылғы
8 мамырдағы № 532 2026 жылғы
«26» маусымдағы № 724 қаулысына қосымша
«Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1
Түркістан қаласы, Көктонды әулие көшесі №28, №24 М.Шоқай атындағы ЖОМ жаны
2
Түркістан қаласы, Шекті Тілеу Жолдыаяқ көшесі №27, №19 Төле би атындағы ЖОМ жаны
3
Түркістан қаласы Отырар м/а, №1 А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ жаны
4
Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №45, Отырар тұрғын алқабы мекемесінің ғимаратының жаны
5
Түркістан қаласы, Жібек жолы көшесі №58, М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің жаны
6
Түркістан қаласы, М.Әбенова көшесі №38 С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің жаны
7
Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі №51, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жаны
8
Түркістан қаласы, Ш.Ниязов көшесі №21, Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің жаны
9
Түркістан қаласы, Мұсақұлов көшесі №17, №20 Р.Исетов атындағы жалпы орта мектебі жаны
10
Түркістан қаласы, Сығанақ көшесі №2а, №27 Ө.Жәнібеков атындағы IT- мектеп лицейі жаны
11
Түркістан қаласы, Ханқорған көшесі №2, Е.Изатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің жаны
12
Түркістан қаласы, Хамза көшесі №75, №9 Некрасов атындағы мектеп-гимназиясының жаны
13
Түркістан қаласы, 1 м/а 22 үй, №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінің жаны
14
Түркістан қаласы, Оңдасынов көшесі №139, №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының жаны
15
Түркістан қаласы, Төлеби көшесі №109А, №16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің жаны
16
Түркістан қаласы, Балақаев көшесі №88 а, №12 Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінің жаны
17
Түркістан қаласы, Сандыбай көшесі №54, №18 Ж.Еділбаев атындағы жалпы орта мектебінің жаны
18
Түркістан қаласы, Абай көшесі №159, №31 Абай атындағы жалпы орта мектебінің жаны
19
Түркістан қаласы, Жаңа қала 38 көше, 49 ғимарат, №33 ЖББМ жаны
20
Түркістан қаласы, Жаңа қала 24 көше, 15 ғимарат, №32 ЖББМ жаны