О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2019 года № 743 «Об утверждении Правил оказания гуманитарной помощи» и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында: 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, тауарларды гуманитарлық көмек ретінде әкелу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 213 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде тауарларды әкелу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 374 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 324 қаулысы.
Тармақ 4
4. «Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысы.
Тармақ 5
5. «Салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар шикізат экспорттаушылардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 784 қаулысы.
Тармақ 6
6. «Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 887 қаулысы. ________________________