О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2020 года № 559 «О реорганизации некоторых республиканских государственных предприятий, находящихся в ведении Комитета геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізу болып табылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.