О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 8 января 2021 года № 1 «Об утверждении Инструкции по информационно-справочному обслуживанию физических и юридических лиц органами правовой статистики и специальных учетов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық): 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Сұрау салудың негізінде соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген электрондық құжат нысанында осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, шет елге шығу үшін қағаз жеткізгіште осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шет елде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпарат анықтамада көрсетілуге жатпайды.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Арыз иесінің іздеуде жүргені туралы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 45-бабы 1-бөлігінің 3) тармағы бойынша қылмыстық іс жүргізуі тоқтатылған, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 45-бабының 7-бөлігі 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген адамдарға қатысты мәліметтер анықталған кезде Комитеттің аумақтық органы оны ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін іздеу салудың бастамашысына дереу хабарлайды. Егер осы адам ТМД елдері уәкiлеттi органдарының іздеуінде болса, ақпарат аумақтық ішкі істер органына жіберіледі.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Растайтын құжаттардың негізінде Комитеттің аумақтық органы АЕА ААЖ-ға растайтын құжаттардың графикалық көшірмелерін сала отырып, тиісті түзету енгізеді. Жолданымдарды жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнамаға сәйкес Комитет және оның аумақтық органдары қарайды. Растайтын құжаттар, оларды ұсыну және түзету жөніндегі хат алмасу бөлек номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады).»; 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «28. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының интернет-ресурсын толықтыру «Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22491 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.»; 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ақпаратты беруді мынадай жолдармен қамтамасыз етеді: 1) «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысымен бекітілген Тізбеге сәйкес ашық деректердің интернет–порталында орналастыру; 2) Жеке тұлғаның, сондай–ақ заңды тұлғалардың (бұдан әрі–үшінші тұлғалар) ЭЦҚ–мен қол қойылған электрондық сұрау салуы негізінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтерді (бұдан әрі–мәліметтер) жолдау. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған адам порталда «жеке кабинеттен», сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады. Мәліметтер сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі. Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде мәліметтер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны жіберген уақыттан бастап 15 (он бес) минуттың ішінде жауап беріледі. Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, АЕА ААЖ арқылы қалыптастырылған мәліметтер немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның «жеке кабинетінде» орналастырылады; 3) анықтаманы алу үшін үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуды жолдау. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты анықтама сұратылып отырған адам порталда «жеке кабинеттен», сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы келісім берген жағдайда орындалады. Анықтама сұратылып отырған жеке тұлғаның келісімі (бас тартуы) электрондық сұрау салуды алған кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі. Электрондық сұрау салу негізінде келісім алған кезде анықтама оны жіберген уақыттан бастап 10 (он) минуттың ішінде, ал қосымша анықтайтын тексеру қажет болған жағдайдарда – 5 (бес) жұмыс күні ішінде не осы Нұсқаулықтың 17-тармағында көзделген жауап беріледі. Уәкілетті адамның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, АЕА ААЖ арқылы қалыптастырылған анықтама немесе электрондық сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат порталда жеке тұлғаның «жеке кабинетінде» орналастырылады.»; 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «31. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары тоқсан сайын есепті мерзімнен кейінгі айдың 14-күніне электронды форматта: 1) Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық пен құқық қорғау органдары және соттар қызметінің нәтижелері туралы; 2) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы; 3) есірткі заттарының, психотроптық немесе улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер туралы; 4) Қазақстан Республикасы соттарының жұмысы туралы; 5) Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы жинақтарды жолдайды.»; Нұсқаулықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Нұсқаулықтың 3-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын Нұсқаулықтың 4-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі-Комитет):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 5 Бұйрығына 1 - қосымша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық -анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықтың 2-қосымшасы нысан Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А Басқарма бастығы______________________________________________________________ Начальник управления__________________________________________________________
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 5 Бұйрығына 2 - қосымша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық -анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықтың 3-қосымшасы нысан 20___ жылғы "___" ______ жағдай бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтер жоқ/бар: по состоянию на "___" "________" 20___ года сведений о привлечении к административной ответственности не имеется /имеются: Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңның 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе. штрих-код «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттар жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы еспеке алу жөніндегі комитет бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы «Специальные учеты» и подписанный электронно-цифровой подписью начальника управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 5 Бұйрығына 3 - қосымша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық -анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықтың 4-қосымшасы нысан № Құқық­тық ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­тар жин­ақ­та­ры­ның ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тін­ің Әкі­мші­лі­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық Ке­ңе­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­тін­ің Се­на­ты Бас­шы­лық Бас Про­ку­рор­дың Ап­па­ра­ты Қыз­мет (Де­пар­та­мент) Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры ака­де­ми­я­сы қылмы­стық қу­да­лау за­ң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мдер­дің зза­ң­ды­лы­ғын және олар­дың оры­н­да­луын қа­да­ға­лау қо­ға­м­дық мүд­де­лер­ді қор­ғау ар­найы про­ку­рор­лар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­н­да­ғы қылмы­сты­лық пен құқық қор­ғау ор­ган­да­ры және сот­тар қыз­ме­тін­ің нәти­же­ле­рі ту­ра­лы 7 1 1 1 1 1 1 1 1 1 2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­н­да­ғы сы­бай­лас жем­қор­лық қылмы­стар және құқық бұ­зу­шы­лық­тар ту­ра­лы 7 1 1 1 1 1 1 1 1 3 Есірт­кі затта­ры­ның, пси­хо­троп­тық неме­се улы заттар­дың, пре­кур­сор­лар­дың, сол тек­те­стер­дің заң­сыз ай­на­лы­мы­мен бай­ла­ны­сты құқық бұ­зу­шы­лық­тар және қылмы­стық іс­тер бой­ын­ша заттай дәлел­де­ме­лер ту­ра­лы 7 1 1 1 1 1 4 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы сот­та­ры­ның жұ­мы­сы ту­ра­лы 7 1 1 1 1 1 1 1 1 5 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы қылмы­стық қу­да­лау ор­ган­да­ры қыз­ме­тін­ің нәти­же­ле­рі ту­ра­лы 7 1 1 1 1 1 1 1 6 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­н­да­ғы про­ку­рор­лық қа­да­ға­ла­удың жай-күйі ту­ра­лы 7 2 1 1 1 1 1 1 1 1 кестенің жалғасы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­тін­ің Мә­жі­лі­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Мин­и­стрін­ің Кең­се­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қа­уіп­сіз­дік Ке­ңе­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жо­ғар­ғы Со­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер мин­и­стр­лі­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет мин­и­стр­лі­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі (Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы қыз­мет) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қор­ға­ныс мин­и­стр­лі­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ның Ме­мле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1