О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 8 июля 2021 года № 10/103 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23601 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № 19/184 шешіміне қосымша Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 шілдедегі № 10/103 шешіміне 2 қосымша Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі № Атауы 1 Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар. 2 «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар. 3 Толық емес отбасылар.