О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2021 года № 386 «Некоторые вопросы организации и проведения научной экспертизы» Күшін жойған
Басқа 0
«Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы
№ 386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында:
97-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әрбір парағын дәйектеген және қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортты (қазақ және орыс тілдерінде) (бұдан әрі – паспорт).
Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын ғылыми экономикалық сараптамаға жіберген кезде паспорттың әрбір парағын заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутаты/депутаттары дәйектейді және қол қояды;»;
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
ғылыми экономикалық сараптамаға ұсыну үшін Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортта:
мына:
«
Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты
Т.А.Ә.:
Лауазымы:
Тел.:
Электрондық пошта
мекенжайы:
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты
Т.А.Ә. (бар болса):
Лауазымы:
Тел.:
Электрондық пошта мекенжайы:
»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Т.А.Ә.___________________________________________________________________
(заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарының/заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутатының/депутаттарының қолы)».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.