О внесении изменений и дополнений в положение КГУ «Молодежный ресурсный центр», утвержденное постановлением акимата Алгинского района от 8 февраля 2021 года № 51 Қолданыста
Басқа 0
Алға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 ақпанындағы № 51 қаулысымен бекітілген «Жастар ресурстық орталығы» КММ Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпанындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 19 бабы 3 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі «Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 147 бұйрығына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 ақпанындағы № 51 қаулысымен бекітілген «Жастар ресурстық орталығы» КММ Ережесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Жексембаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін Әділет басқармасында тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ЕРЕЖЕСІ
Алға қаласы, 2025 жыл
Басқа 7
Алға ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «8» қазандағы
№ 270 қаулысымен
“БЕКІТІЛГЕН”
«Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жастар ресурстық орталығы туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 115) тармақшасына сәйкес әзірленді және аудандық жастар ресурстық орталығының (бұдан әрі-Ресурстық орталық) мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мекемені түрі: коммуналдық.
Тармақ 3
3. Мекеме Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы №11 қаулысымен құрылды.
Тармақ 4
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы: «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ.
Тармақ 5
5. Жастар ресурстық орталығы жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету мақсатында құрылады.
Тармақ 6
6. Жастар ресурстық орталығы жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде жастарға әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Тармақ 7
7. Ресурстық орталықты құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру ауданның жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.
Тармақ 8
8. Ресурстық орталықтың өз мөртаңбасы, мөрі, қазақ тілінде және орыс тілінде өз атауы бар фирмалық бланкілері, қазынашылық органдарында және банкте есеп айырысу шоты болады.
Тармақ 9
9. Ресурстық орталықтың басшысы функционалдық міндеттерін айқындайды және ресурстық орталық қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.
Тармақ 10
10. Ресурстық орталық өз Конституцияның, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің қаулылары, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені және олардың негізінде әзірленген жарғыларды басшылыққа алады.
Тармақ 11
11. Ресурстық орталық өз қызметін Ресурстық орталықтың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мүдделі мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Мекеменің тиісті саласы бойынша уәкілетті органы «Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
Тармақ 13
13. Мекеме мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Алға аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік бойынша Уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 14
14. Мекеменің толық атауы – «Алға аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. Мекеменің тұрған жері: 030200, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, мөлтек ауданы, 4 үй.
Тарау 2. 2-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
2-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 16
16. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемелкеттік мекемесінің заңнамада кзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ з қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 17
17. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 18
18. Егер заңнамада згеше көзделмесе «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің зіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 3. 3-тарау. Ресурстық орталықтардың міндеттері мен функциялары
3-тарау. Ресурстық орталықтардың міндеттері мен функциялары
Тармақ 19
19. Ресурстық орталық Жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға консультациялық қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамуы үшін жағдай жасау арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.
Тармақ 20
20. Ресурстық орталықтың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді.
Тармақ 21
21. Ресурстық орталықтың қызметі Ресурстық орталықтың ғимаратында және жастар көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Ресурстық орталық өзінің құрылымдық бөлімшелері – жастарға қызмет көрсету орталығының, аудандық бөлімдерінің, кенттер мен ауылдардағы қызметін үйлестіреді және олардың қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысады.
Тармақ 23
23. Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;
Тармақша 3
3) жастар ортасындағы жағдайға талдау және мониторинг жүргізу.
Тармақ 24
24. Ресурстық орталық қызметінің бағыттары бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу:
жастарға Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру;
soft-skills дамыту бойынша курстар өткізу-түйіндемені сауатты құрастыру, коммуникативтік дағдылар, әңгімелесуден тиімді өту әдістері;
жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
Тармақша 2
2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту:
өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару), жастардың құзыреті мен дербестігі;
өмірлік маңызды дағдылар мен бейресми білімді дамытуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
Тармақша 3
3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу:
цифрлық және медиа сауаттылық мәселелері бойынша жастарға кеңес беру;
жастарға арналған цифрлық және медиа сауаттылық бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;
робототехника, бағдарламалау және ақпараттық технологиялар бойынша үйірмелер мен клубтардың қызметін ұйымдастыру.
Тармақша 4
4) жастарға психологиялық көмек көрсету;
психологпен жеке және эмоциялық мәселелер бойынша кеңес беру;
жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;
жастардың психикалық денсаулығы бойынша жастар жобаларын әзірлеу және іске асыру.
Тармақша 5
5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету:
жастар мен жастар ұйымдары үшін заң кеңестерін көрсету;
жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастыру және өткізу;
жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу;
жастар ұйымдары үшін заң көмегін көрсету.
Тармақша 6
6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелері және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
кәсіпкерлік құзыреттер бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау;
жастар арасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
Тармақша 7
7) жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:
волонтерлік қызмет және жас еріктілерді қолдау мүмкіндіктері туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша оқыту курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;
жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру үшін волонтерлік ұйымдармен, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен ынтымақтастық;
волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асыру;
жастар ортасында Волонтерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
Тармақша 8
8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу:
отбасы-неке мәселелері бойынша жас отбасыларға кеңес беру;
некені тіркеуге өтініш берген жас адамдармен жұмыс;
қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
Тармақша 9
9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу:
жастар ұйымдарына, жастардың өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шаралары туралы кеңес беру және ақпараттандыру;
іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарын, қозғалыстарды және жастардың өзін-өзі басқару органдарын залдар мен үй-жайларды ұсыну;
жастар ұйымдарының, қозғалыстардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу;
жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының бастамаларын қолдау;
жастар ұйымдарымен, қозғалыстармен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу.
Тармақша 10
10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау:
жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау мәселелері бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру және ақпараттандыру;
жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
жастар жобалары мен бағдарламалары туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу;
жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде тұрақты жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бағалау.
Тармақша 11
11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;
Тармақша 12
12) үздік тәжірибелер каталогын құру;
Тармақша 13
13) ресурстық орталықтардың қызметін жарықтандыру;
Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Ресурстық орталықтың қызметін қамтамасыз ету көздері
4-тарау. Ресурстық орталықтың қызметін қамтамасыз ету көздері
Тармақ 25
25. Ресурстық орталықтың қызметі, оның ішінде еңбек,, ақпараттық, материалдық-теникалық ресурстар жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ Қазақстан Ресупбликасының заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да көздерден қаржыландырылады.
Тармақ 26
26. Ресурстық орталыққа қажет болған жағдайда жергілікті бджет есебінен:
Тармақша 1
1) оқыту іс-шараларын, тақырыптық консультациялар, зерттеулер жүргізу үшін қызметтер көрсету бойынша тартылатын мамандардың еңбек ақы төлеу шығыстары;
Тармақша 2
2) ақпараттық бюллетеньдер, журналдар әзірлеу және басып шығару, веб-сайт қызметін жасау және қолдау шығыстары өтеледі.
Тарау 5. 5-тарау. Ресурстық орталықты басқару
5-тарау. Ресурстық орталықты басқару
Тармақ 27
27. Мекеменің құрылтайшысы келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мекемені құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) мекеме ережесін бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеде функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Мекемені жалпы басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) мекеменің құрылымы, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін анықтайды;
Тармақша 3
3) мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 5
5) мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 6
6) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеде функцияларды жүзеге асырады. Мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді.
Тармақ 31
31. Тиісті саланың Уәкілетті органы Мекеме басшысына және орынбасарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
Тармақ 32
32. Тиісті саланың Уәкілетті органы Мекеме басшысының міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды.
Тармақ 33
33. Жастар ресурстық орталығының басышысы ресурстық орталықтың жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық жасайды, жергілікті атқарушы органның құрылымындағы атқарушы орган басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және босатылады.
Тармақ 34
34. Ресурстық орталықтың басшысы дара басшылық қағидаттарында қызмет етеді және олардың құзіретіне сәйкес Қазақстан Републикасының заңнамасында және осы Ережеде анықталған ресурстық орталықтың қызметіндегі мәселелерді шешеді.
Тармақ 35
35. Ресурстық орталық басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен ресурстық орталықтың қызметін жүзеге асыру барысында:
Тармақша 1
1) Ресурстық орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) барлық мекемелерде ресурстық орталықтың мүддесін ұсынады;
Тармақша 3
3) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шегінде мүлікті иеленеді;
Тармақша 4
4) шарттар жасайды;
Тармақша 5
5) Ресурстық орталық қызметкерлерінің Қазақстандық және шетелдік оқыту орталықтарынан білім алу, біліктілігін арттыру, іссапар, тағылымдамадан өту жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) Ресурстық орталықтың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 7
7) Ресурстық орталық қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін белгілейді және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапкершілікте болады.
Тармақ 36
36. Ресурстық орталықтың басшылық лауазымына педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заң білімі және жастармен жұмыс өтілі бар адамдар жіберіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Ресурстық орталықты тарату және қайта ұйымдастыру
6-тарау. Ресурстық орталықты тарату және қайта ұйымдастыру
Тармақ 37
37. Ресурстық орталықты тарату және ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.