О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетировани Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 570/75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7176 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы»; көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Павлодар қалалық маслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 89/12 шешіміне 1 қосымша Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
Тармақ 1
1. Алаң, Павлодар қаласы, Конституция алаңы, 1.
Тармақ 2
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Астана көшесінен «Конституция» тынымбағы бойымен Конституция алаңы, 1 «Естай атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектісіне дейін.
Тармақ 3
3. Алаң, Павлодар қаласы, академик Бектұров көшесі, 139.
Тармақ 4
4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысынан академик Бектұров көшесі, 139 бойынша «Сүт» акционерлік қоғамының объектісіне дейін.
Тармақ 5
5. Алаң, Павлодар қаласы, «Гагарин» атындағы саябақ, Ворушин көшесі.
Тармақ 6
6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Қамзин және академик Шөкин көшелерінің қиылысынан «Гагарин» атындағы саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан картинг аумағы объектісіне дейін.
Тармақ 7
7. Алаң, Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы.
Тармақ 8
8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы Қайырбаев көшесінен Луговая көшесіне дейін.
Басқа 12. Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 89/12 шешіміне 2 қосымша Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
Тармақ 3
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Павлодар қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
Тармақша 1
1) алаң, Павлодар қаласы, Конституция алаңы, 1, шекті толу нормасы 1000 адам;
Тармақша 2
2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Астана көшесінен «Конституция» тынымбағы бойымен Конституция алаңы, 1 «Естай атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны объектісіне дейін, шекті толу нормасы 1000 адам;
Тармақша 3
3) алаң, Павлодар қаласы, академик Бектұров көшесі, 139, шекті толу нормасы 300 адам;
Тармақша 4
4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп пен Луначарский көшелерінің қиылысынан академик Бектұров көшесі, 139 бойынша «Сүт» акционерлік қоғамының объектісіне дейін, шекті толу нормасы 300 адам;
Тармақша 5
5) алаң, Павлодар қаласы, «Гагарин» атындағы саябақ, Ворушин көшесі, шекті толу нормасы 300 адам;
Тармақша 6
6) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Қамзин және академик Шөкин көшелерінің қиылысынан «Гагарин» атындағы саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан картинг аумағы объектісіне дейін, шекті толу нормасы 300 адам;
Тармақша 7
7) алаң, Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы, шекті толу нормасы 1000 адам;
Тармақша 8
8) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Павлодар қаласы, Орталық Жағажайдағы демалыс аймағы, Қайырбаев көшесінен Луговая көшесіне дейін, шекті толу нормасы 1000 адам.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
Тармақ 8
8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
Тармақ 9
9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Павлодар қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Басқа 30. Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары
Павлодар қалалық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 89/12 шешіміне 3 қосымша Павлодар қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары Павлодар қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:
Тармақша 1
1) жаппай жерлеу орындарында;
Тармақша 2
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақша 3
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақша 4
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
Тармақша 5
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.