О признании утратившим силу решения Актюбинского областного маслихата от 8 июня 2022 года № 140 «Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения в Актюбинской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақтөбе облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 8 маусымдағы № 140 шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 8 маусымдағы № 140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28442 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.