О внесении дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 8 августа 2022 года № 153 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Западно-Казахстанской области" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 15-тармақ келесідей мазмұндағы 17, 18 және 19-тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 17
«17) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру бөлігінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік саясатты іске асыру, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 19
19) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеуді ұйымдастыру.».
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшелік ететін орынбасары Т.Е.Каюповқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.