О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 8 августа 2022 года № 153 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Западно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (облыс әкімдігінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 121 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулылары жойылсын.
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «___» _______________
№___ қаулысына 1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 тамыздағы
№ 153 қаулысымен бекітілген
«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін толықтырулар:
15-тармақ келесідей тармақшалармен толықтырылсын:
16) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
17) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
18) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың ұсыныстарын әзірлеуге және іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу;
19) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
20) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсету, оларды қоса қаржыландыруға қатысу;
21) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
22) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде шетелдік), квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ғылым жөніндегі кеңес құру;
23) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикалық қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) жарғылық капиталына қатысу;
24) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
25) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысу;
26) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
27) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды іске асыруды жүзеге асыру;
28) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту.
Басқа 7
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «___» _______________
№___ қаулысына 2-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылатын қаулыларының тізімі
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 237 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы;
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 34 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы;
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 172 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.