О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 8 февраля 2022 года № А-2/60 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Акмолинской области» Қолданыста
Басқа 0
«Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін
бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. 1-тармақтың екінші абзацының күші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Ақмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№А-3/97 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Елді мекен
Тәрбиеленушілер саны
Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
болу режимі 10,5 сағаттық топта
болу режимі
9 сағаттық топта
санаторлы топта
түзету түріндегі топта
жарты күн болатын топта
Қала
20014
58 343 теңге
53 889 теңге
86 250 теңге
103 249 теңге
25 916 теңге
Ауыл
17725
64 767 теңге
59 600 теңге
96 957 теңге
116 633 теңге
28 771 теңге
Басқа 2. Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері
Ақмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ А-3/97 қаулысына
2-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына
2-қосымша
Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері
Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
3 жасқа дейін
3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін
жарты күн болатын топта
16 585 теңге
20 388 теңге
10 194 теңге