О внесении дополнения в постановление акимата Карасуского района от 8 апреля 2022 года № 62 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Карасуского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 62 «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 62 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 14-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшымен толықтырылсын: «15) құрылыспен аяқталған объектілерді пайдаланушы ұйымдарға беру».
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.