О внесении изменения в постановление акимата области Жетісу от 8 июня 2023 года № 170 «Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях области Жетісу» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы «Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» № 170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы «Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» № 170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182809 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімдігінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидиемиологиялық бақылау Комитетінің Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті РММ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Алакөл-Балқаш бассейндік инспекциясы РММ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті РММ
Басқа 4
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 180 қаулысына қосымша Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері № Су объектісінің атауы Халықтың жаппай демалу орындары Елді мекен Ескертпе Талдықорған қаласы 1 Қаратал өзені Қалалық жағажай Талдықорған қаласы Мемлекеттік жер қоры Алакөл ауданы 2 Алакөл көлі Алакөл көлі жағалауының жағажайлары Ақши ауылы Мемлекеттік жер қоры 3 Алакөл көлі Алакөл көлі жағалауының жағажайлары Көктұма ауылы Мемлекеттік жер қоры Сарқан ауданы 4 Балқаш көлі Балқаш көлі жағалауының жағажайлары Лепсі ауылы Мемлекеттік жер қоры Текелі қаласы 5 Ашық жүзу бассейні Қалалық бассейн Текелі қаласы Мемлекеттік жер қоры