О признании утратившим силу совместного приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 8 июня 2023 года № 172/НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 12 июня 2023 года № 106 «Об утверждении проверочного листа в сфере обеспеченных цифровых активов в отношении лиц, осуществляющих выпуск и обращение обеспеченных цифровых активов» Қолданыста
Басқа 0
«Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты қамтамасыз етілген цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 172/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 12 маусымдағы № 106 бірлескен бұйрығының
күші жойылды деп тану туралы»
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты қамтамасыз етілген цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 172/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 106 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32792 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті