О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 8 сентября 2023 года № 380 «Об утверждении Правил выдачи, финансирования и распределения между регионами Республики Казахстан единоразовых ваучеров на признание профессиональных квалификаций» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 «Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілік тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында: 2-тармақта:
Тармақша 2
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
«2) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға»;
Тармақша 10
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 10
«10) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орындауды жүзеге асыратын филиалы»; көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 1 шілдедегі № 285 бұйрығына қосымша Кәсіптік біліктіліктері тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына 1-қосымша Электрондық құжат нысаны Еңбек мобильділігі орталығы _________________________________ (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала) Мен, [Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда)] [жеке сәйкестендіру нөмірі] [кәсіп] бойынша кәсіптік біліктілік (дағды, дағдылары) деңгейін [біліктілік деңгейін] белгілеу мақсатында маған кәсіптік біліктілікті тануға біржолғы ваучер беруді сұраймын. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөміріне және (немесе) электрондық мекенжайға ақпараттық таратулар алуға келісім беремін. Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
Тармақ 1
1. Білімі [оқу ұйымының толық атауы, даярлау бағыты, бітірген күні].
Тармақ 2
2. Көрсетілген кәсіптік біліктілік бойынша еңбек қызметін (еңбек өтілін) растайтын мәліметтер [электрондық еңбек шартының ақпараты].Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелер ___________________________________________________________________.
Тармақ 3
3. Мамандық бойынша дағды немесе дағдылар [мамандық] - [шеберлік (- және)]/ ________________________________________(қолмен енгізу үшін)
Тармақ 4
4. 20 таңбалы карточкалық немесе ағымдағы шоттың нөмірі_____________________________________________.
Тармақ 5
5. Тұрғылықты жері [тұрақты тіркелген жері] ___________________________________________________________. Дұрыс емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Кәсіптік біліктілікті тану орталығы [аккредиттелген тану орталығы]. Ұялы телефон нөмірі _____________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы (e-mail) ____________________________ Электрондық цифрлық қолтаңба 20___жылғы «___» ___________.