О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау от 8 сентября 2023 года № 51/01 «Об утверждении предельной торговой надбавки и перечня закупаемых продовольственных товаров для реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау от 8 сентября 2023 года № 51/01 «Об утверждении предельной торговой надбавки и перечня закупаемых продовольственных товаров для реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары»
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 51/01 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/01
- Қабылданған күні
- 05.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2025 207905_747119.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25H0018120
- ЭКБ идентификаторы
- 207905
- Редакция идентификаторы
- 207905_747119
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:45
0 Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 51/01 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ұлытау облысы әкімдігінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 51/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 47-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі және тізбесі
Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 5 наурыздағы
№ 25/01
қаулысына қосымша
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі және тізбесі
№
Тауардың атауы
Шекті сауда үстемесі (жеткізу құнын қоса алғанда, сатып алу бағасынан артық емес), %
1
Бірінші сортты бидай ұны
10
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
10
3
Рожки (өлшеніп салынатын)
10
4
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
10
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
10
6
Картоп
15
7
Асханалық сәбіз
15
8
Басты пияз
15
9
Ақ қауданды қырыққабат
15
10
Ақ қант – құмшекер
10
11
Күнбағыс майы
10
12
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
10
13
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
10
14
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
10
15
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
10
16
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
10
17
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
10
18
Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)
10
19
Сүзбе: майлылығы 5-9%
10