О внесении изменений в решение Аккольского районного маслихата от 8 января 2024 года № С 15-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккольском районе» Қолданыста
Басқа 0
«Ақкөл ауданында әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» Ақмола облысы Ақкөл
аудандық мәслихатының 2024 жылғы
8 қаңтардағы № С 15-2 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № С 15-2 (Ақмола облысы Әділет департаментімен 2024 жылғы 31 қаңтарда № 8691 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5) Жүгінген айдан бастап әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі;»;
10-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы алып тасталсын;
11-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;»;
11-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;
12-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.