О внесении изменений в решение Аккольского районного маслихата от 8 января 2024 года № С 15-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аккольском районе» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № С 15-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Ақкөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № С 15-2 (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8691 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 11-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын; 11-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.