О внесении изменений в совместный приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 8 января 2024 года № 7 и Министра просвещения Республики Казахстан от 9 января 2024 года № 4 «О некоторых вопросах в сфере Государственной образовательной накопительной системы» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Білім беру жинақтаушы сақтандырудың үлгілік шартында:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шартты электрондық нысанда жасасу кезінде Сақтанушының, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда - Пайда алушы мен Қатысушы-сақтандыру ұйымы арасында цифрлық ресурстар алмасу тәртібі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабымен айқындалады.»;
57-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі не «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарлама;».
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы-білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімде:
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда өзінің цифрлық жүйелерінің оператордың цифрлық жүйелерімен ықпалдасуын қамтамасыз етуге құқылы.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.