«О внесении изменения в постановление акимата области Жетісу от 8 апреля 2025 года № 103 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов местного значения»» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі №103 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»» «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекіту туралы» Жетісу облысының әкімдігінің 2025 жылғы 08 сәуірдегі № 103 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №209159 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінен 29-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.