О внесении изменении в постановление акимата Мангистауской области от 8 мая 2025 года № 109 «О создании коммунального государственного учреждения «Маңғыстау – құм қорғаны» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Маңғыстау – құм қорғаны» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Маңғыстау – құм қорғаны» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 109 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданы, 250-үй, индекс 130400.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Маңғыстау–құм қорғаны» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» Жарғысындағы 6-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданы, 250 ғимарат, индекс 130400.».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.