О признании утратившим силу постановления акимата Костанайской области от 8 августа 2025 года № 221 «О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 3 августа 2022 года № 344 «Об установлении водоохранных зон и полос на водных объектах Костанайской области, режима и особых условий их хозяйственного использования» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 221 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 221 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Келісілді «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Келісілді «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі