О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 8 мая 2026 года № 39-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления её размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Күшіне енбеген
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2026 жылғы 8 мамырдағы № 39-2 «Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2026 жылғы 8 мамырдағы № 39-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
«8-тармақтың 8-тармақшасы алып тасталсын.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Әлеуметтік көмек келесі негіздер бойынша толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына кірістері есепке алынбай көрсетіледі:
1) дүлей зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – тұрғын үй (тұрғын құрылыс) меншік иелерінің біріне, біржолғы негізде, осындай жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімімен, дүлей зілзала фактісін растайтын құжаттың негізінде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі - АЕК) дейінгі мөлшерде;
2) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – тұрғын үй (тұрғын құрылыс) меншік иелерінің біріне, біржолғы негізде, осындай жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін әлеуметтік көмекке
жүгіну мерзімімен, өрт фактісін растайтын құжаттың негізінде 200 (екі жүз) АЕК дейінгі мөлшерде;
3) «Қазақстан Республикасы халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II А немесе IV клиникалық топтағы қатерлі ісігі бар адамдарға6 біржолғы негізде, 10 (он) АЕК мөлшерінде;
туберкулез ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдарға Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы ұсынатын тізімдер негізінде, қосымша тамақтануға ай сайын 6 (алты) АЕК мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудырған аурумен инфекцияланған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтандыру үшін ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде.»;
«10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын азаматтардың мынадай санаттарына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:
1) әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға – жылына бір рет;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) – біржолғы.»;
«11. Әлеуметтік көмек кірістері есепке алынбай мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) санаторлық-курорттық емдеуге:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа адамдарға, 8-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген басқа да адамдарды қоспағанда, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-алдын алу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде, бірақ жылына 1 (бір) рет, 50 (елу) АЕК-тен аспайтын мөлшерде, әлеуметтік мәртебені растайтын құжат негізінде, санаторлық-курорттық карта үзіндісін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша санаторлық-курорттық ұйым
берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсына отырып;
жеті жасқа дейінгі, жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, санаторлық-курорттық емдеу түріндегі абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленбеген жағдайда, шипажайлық-курорттық картаны ұсынған кезде, Қазақстан Республикасының шипажайларындағы (профилакторийлеріндегі) санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде, жылына 1 (бір) рет, 50 (елу) АЕК-тен аспайтын мөлшерде, әлеуметтік мәртебені растайтын құжат негізінде, санаторлық-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсына отырып;
жеті жасқа дейінгі, жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға ілесіп жүруші заңды өкілдерінің біріне, санаторлық-курорттық ұйым берген құжатты ұсына отырып, жылына 1 рет, емдеу емшараларын қоспағанда, тұруы мен тамақтануы үшін нақты жұмсалған шығындар мөлшерінде, бірақ 50 (елу) АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі. Санаторлық-курорттық емделуге абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (АОЖБ) әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді.»;
2) коммуналдық қызметтерге:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға (8-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда), коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу шығындарын өтеуге, біржолғы негізде, ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ақшалай көмек түріндегі әлеуметтік көмек:
белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне енгізілмеген, емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедектігі бар балаларға және мүгедектігі бар адамдарға, Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы ұсынатын тізімдер негізінде – ұсынылған шот-фактураға сәйкес, ай сайын 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген
басқа да адамдарға (осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда), тісті протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан шот-фактура мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ азаматтардың осы санаттары мәртебесінің бар екендігін растайтын құжатты ұсына отырып, тісті протездеу ақысын төлеуге (бағалы металдардан және металлокерамикадан, металлоакрилден жасалған протездерді қоспағанда) мерзімді түрде жылына 1 (бір) рет, 50 (елу) АЕК мөлшеріндегі сомадан аспайтын мөлшерде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген басқа да адамдарға (8-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда), 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға – жол жүру билетін және ауруханаға жатқызуды растайтын құжатты, сондай-ақ азаматтардың осы санаттарының мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынған кезде, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жөнелту станциясынан ауруханаға жатқызу орнына дейін және кейін қарай теміржол, автомобильдік жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүрудің нақты құнын өтеуге, мерзімді түрде (жылына бір рет).».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.