Об установлении водоохранных зон и полос 8 озер (озера Сорколь Алгинского района, Жиренколь Кобдинского района, Сабынды и Жарыкколь Мугалжарского района, Сасыкколь, Коренколь, Кутиколь Иргизского района, Куйганколь Темирского района) Актюбинской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының 8 көлінде (Алға ауданындағы Соркөл, Қобда ауданындағы Жиренкөл, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының 8 көлінде (Алға ауданындағы Соркөл, Қобда ауданындағы Жиренкөл, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының 8 көлінде (Алға ауданындағы Соркөл, Қобда ауданындағы Жиренкөл, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Басқа 6
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 58 қаулысына 1-қосымша Ақтөбе облысының 8 көлінің (Алға ауданындағы Соркөл, Қобда ауданындағы Жиренкөл, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулері № Көлдердің атауы Су объектісінің ауданы, гектар Су қорғау аймақтары Су қорғау белдеулері Ені, метр Су қор­ғау ай­ма­ғы­ның ауда­ны, гек­тар Ко­ор­ди­нат­та­ры Ені, метр Су қор­ғау бел­де­уі­нің ауда­ны, гек­тар Ко­ор­ди­нат­та­ры 1 Сор­көл кө­лі Ал­ға ауда­ны 1030,49 500 702,30 56° 19' 26,0724"-50° 5' 17,808" 56° 19' 46,1136"-50° 3' 9,6552" 56° 18' 5,796"-50° 2' 59,4096" 56° 17' 52,9908"-50° 3' 20,3292" 56° 18' 19,0368"-50° 4' 56,262" 56° 18' 47,1528"-50° 2' 57,2064" 35 49,04 56° 19' 0,606"-50° 5' 11,778" 56° 19' 19,3296"-50° 3' 23,346" 56° 19' 14,7432"-50° 3' 3,2472" 56° 18' 37,4004"-50° 3' 4,4748" 56° 18' 39,348"-50° 5' 3,7896" 2 Жи­рен­көл кө­лі Қоб­да ауда­ны 3436,92 500 1136,84 54° 46' 26,5044"-50° 46' 33,0816" 54° 47' 56,2416"-50° 47' 39,7284" 54° 49' 25,6728"-50° 47' 30,9984" 54° 51' 48,114"-50° 44' 46,3776" 54° 46' 39,072"-50° 45' 14,4072" 35 100,2 54° 47' 14,3268"-50° 46' 44,0544" 54° 48' 51,7608"-50° 47' 21,4836" 54° 51' 7,0992"-50° 44' 39,7716" 54° 46' 38,01"-50° 46' 11,3268" 3 Са­бын­ды кө­лі Мұ­ғал­жар ауда­ны 242,0 300 186,24 58° 10' 40,2744"-49° 24' 52,7472" 58° 11' 38,454"-49° 25' 26,4432" 58° 12' 34,7796"-49° 24' 49,8744" 58° 11' 10,7952"-49° 25' 20,964" 100 57,98 58° 10' 50,8692"-49° 24' 59,4936" 58° 11' 20,202"-49° 25' 17,67" 58° 11' 33,306"-49° 24' 43,6104" 58° 11' 4,5312"-49° 25' 8,1552" 4 Жар­қы­қөл кө­лі Мұ­ғал­жар ауда­ны 840,18 500 608,70 57° 27' 45,19314"-8° 45' 32,83434" 57° 26' 45,198384"-48° 45' 14,617296" 57° 25' 14,024712"-48° 46' 16,567716" 35 39,69 57° 27' 24,800724"-48° 45' 42,38064" 57° 25' 14,567628" -48° 46' 33,333888" 57° 25' 54,021144"-48° 46' 57,863208" 5 Са­сық­көл кө­лі Ыр­ғыз ауда­ны 3173,6 500 1751,33 61° 37' 28,9344"-48° 30' 51,0696" 61° 40' 2,8128"-48° 31' 26,8968" 61° 42' 45,738"-48° 29' 41,8416" 100 510,86 61° 37' 48,2268"-48° 30' 49,6692" 61° 40' 21,3204"-48° 31' 21,4392" 61° 42' 37,9332"-48° 30' 56,5884" 6 Ко­рен­көл кө­лі Ыр­ғыз ауда­ны 21 389,4 500 3558,47 62° 31' 51,9456"-47° 57' 56,2896" 62° 34' 29,7984"-47° 55' 21,9288" 62° 45' 34,5636"-47° 57' 56,5704" 35 257,20 62° 32' 21,6528"-47° 57' 52,2481" 62° 38' 49,0524"-47° 54' 13,7304" 62° 45' 12,1284"-47° 57' 55,6632" 7 Құ­ти­көл кө­лі Ыр­ғыз ауда­ны 731,275 300 358,999 61° 21' 3,591936"-48° 19' 30,399924" 61° 21' 44,015616"-48° 18' 25,58196" 35 41,025 61° 20' 46,889376"-48° 19' 16,881132" 61° 19' 9,899652"-48° 19' 23,963844" 61° 20' 23,882316"-48° 18' 35,38476" 8 Күй­ген­көл кө­лі Те­мір ауда­ны 564,12 500 425,37 57° 25' 44,169996"-48° 48' 14,490648" 57° 25' 5,926548"-48° 46' 54,189984" 35 25,23 57° 25' 33,014568"-48° 47' 59,857296" 57° 25' 5,195136"-48° 47' 15,301248" 57° 23' 59,418492"-48° 47' 3,715476" *Ескертпе: Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.
Басқа 7
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 58 қаулысына 2-қосымша Ақтөбе облысының 8 көлінің (Алға ауданындағы Соркөл, Қобда ауданындағы Жиренкөл, Мұғалжар ауданындағы Сабынды және Жарқыкөл, Ырғыз ауданындағы Сасықкөл, Коренкөл, Құтикөл, Темір ауданындағы Күйгенкөл көлдері) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
Тармақша 1
1) мыналарды: су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын; көпірлерді, көпір құрылысжайларын; айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін; балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды; ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды; су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
Тармақша 2
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
Тармақша 3
3) 1-тармақтың 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтары шегінде:
Тармақша 1
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
Тармақша 4
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
Тармақша 5
5) зираттарды орналастыруға;
Тармақша 6
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады. *Ескертпе: Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жүктемесінің нормасы «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 шешімімен көзделген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8075 тіркелген).