О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 9 октября 1992 года № 851 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережеде: 2-тармақтың үшінші абзацындағы "Мемлекеттік тергеу комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақтағы "Мемлекеттік тергеу комитетінің" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.