О внесении изменений в приказ Национального пенсионного агентства Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 9 марта 1998 года N 30-П "Об утверждении Инструкции по раскрытию и публикации информации о деятельности накопительных пенсионных фондов в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау туралы Нұсқаулығын бекiту туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 30-Ө бұйрығына өзгерту енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау жұмыстарын жетiлдiру мақсатымен, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау туралы Нұсқаулығын бекiту туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 30-Ө бұйрығына , төмендегi өзгерту енгiзiлсiн:
Аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi жөнiндегi ақпаратты ашу және жариялау туралы Нұсқаулығының екiншi азат жолының 10 тармағындағы "30" деген саны "15" деп өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Заң бөлiмi (Қамали Қ.Қ.) осы бұйрықтың Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өтiуiн қамтамасыз етсiн.
Төраға