О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 9 июля 1999 года N 952 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 952 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 142-құжат): 1-тармақта "2003" деген сан "2005" деген санмен ауыстырылсын; 4-тармақта "2001-2004" деген сандары "2004-2007" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 290-құжат): 2-тармақтың екінші абзацында "2002" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын; 2-тармақтың үшінші абзацында "2002" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын; 6-тармақта "2001" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын; 8-тармақта "2003 жылдың қаңтарынан" деген сөздер "2005 жылдың қыркүйегінен" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақта "2000-2004" деген сандар "2004-2007" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. "Республикалық санаққа жәрдемдесу комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 952 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі