О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 9 марта 1999 года № 215 "Об утверждении Программы по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц на период 1999-2003 годы" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Малдар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауыруының алдын алу және онымен күрес жөніндегі 1999-2003 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 Қаулысын іске асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. Облыста малдардың созылмалы инфекциялық аурулары жөніндегі эпизоотиялық жағдай бұрыңғысынша ауыр күйінде қалып отыр. 1999 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүйізді ірі қара малының бруцеллезі бойынша - 37, қой бруцеллезі бойынша - 6 және мүйізді ірі қара малының туберкулезі бойынша - 2 ауылдық (селолық) округте қиын жағдай қалыптасқан. Мүйізді ірі қара малының бруцеллезбен ауыруы 2,0, қой - 0,8 процент құрайды, мүйізді ірі қараның 0,9 проценті туберкулез кеселіне ұшыраған. Жәнібек ауданында мүйізді ірі қара малының жұқпалы аурулармен ауыруы 6,6 процөнтке, Орда және Шыңғырлау аудандарында 4,8 процентке жетті. Әсіресе, қой бруцеллезі ерекше алаңдатады, өйткені ол аталған кеселдің адамдарға жұғуының негізгі көзі (әсіресе қой төлдету кезінде) болып табылады. Қой туберкулезі бойынша неғұрлым нашар жағдай Ақжайық ауданының Жаңабұлақ, Қаратобе ауданының Жусандыой және Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылдық округтерінде қалыптасқан, бұл жерлерде қойдың бруцеллезбен ауруы тиісінше 7,8 - 3,2 процент құрайды. Мұндай жағдай аудандардың, ауылдық және селолық округтер әкімдерінің, жергілікті малдәрігерлік және медициналық қызметтердің аграқұрылымдардың басшылары мен мамандарына, мал иелері - заңды және дербес тұлғаларға малдарды жұқпалы аурулардан сауықтыру жөніндегі малдәрігерлік заңдарды орындау туралы тиісінше талап қоймай отырғандығының нәтижесі болып табылады. Малдардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауыруына қарсы күресті күшейту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ”Малдар мен құстардың туберкулезбен және бруцеллезбен ауыруының алдын алу және онымен күрес жөніндегі 1999-2003 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" 1999 жылғы 9 наурыздағы N 125 Қаулысын іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының ауылдық және селолық округтері малдардың туберкулез жене бруцеллез ауруларынан сауықтырудың 1997-2003 жылдарға арналған жоспары (N 1 қосымша) және малдарды туберкулез бен бруцеллезден сауықтыру жөніндегі 1999-2003 жылдарға арналған негізгі шаралардың кешенді жоспары (N 2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері антропозооноздық аурулармен күресу жөніндегі малдәрігерлік, санитарлық-эпидемиялық, медициналық және әкімші-шаруашылық қызметтерінің жұмысын үйлестіру және аудандық үйлестіру кеңестерін құрсын. Малдәрігерлік қадағалау қызметімен бірлесіп малдардағы туберкулез және бруцеллезбен күресу және алдын алу жөнінде жұмыс жоспарлары мен арнаулы малдәрігерлік шараларды облыстық негізгі шаралар кешені жоспарына сәйкес жасасын және жоғарыдағы сауықтыру жоспарлары мен шараларының орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Адамдардағы және малдардағы антропозооноздық аурулардың алдын алу және жою жөніндегі облыс әкімі аппараты жанындағы облыстық ведомствоаралық комиссия сауықтыру шараларына қатысатын облыстық басқармалар мен қызметтердің және аудандық үйлестіру кеңестерінің жұмыстарын үйлестіріп отырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық малдәрігерлік қадағалау басқармасы, малдәрігерлік ғылыми-зерттеу станциясы өлкедегі эпизоотологиялық зерттеу, малдардағы туберкулезбен және бруцеллезбен күресу, оның алдын алу шаралары және диагностика құралдары әдістерін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды күшейтсін.
Тармақ 5
5. Облыстық малдәрігерлік, санитарлық-эпидемиялық қадағалау, денсаулық сақтау, ішкі істер басқармалары және олардың органдары жергілікті жерлердегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің малдарды сауықтыру жөніндегі шаралар жоспарын орындауын және тұрғындарды туберкулезден және бруцеллезден қорғауды қатаң бақыласын, сондай-ақ облыстық ведомствоаралық комиссияға жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындысы бойынша адамдардағы және малдардағы антропозооноздық аурулардың алдын алу және жою жөніндегі осы шешімнің орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат тапсырып отыратын болсын.
Тармақ 6
6. Аталған жұқпалы аурулардың алдын алу және күресу жөніндегі бағдарламаны орындауға республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржы бөлуді, сондай-ақ бағдарламалық және балама диагностикалық тестер мен дезинфекция шараларын жүргізуге мал иелерінің қаржысын тартуды қарастырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысы қатерге алынсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы мақсатты қаржыландыру жөнінде түскен қаржыны облыстық малдәрігерлік қадағалау басқармасына дер кезінде бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсін.
Басқа 9. Батыс Қазақстан облысы ауылдық (селолық) округтерінің малдарды туберкулезден және бруцеллезден сауықтырудың 1999-2003 жылдарға арналған ЖОСПАРЫ
Облыс әкімнің 1999 жылғы 27 мамырдағы шешіміне N 1 қосымша N 110 Батыс Қазақстан облысы ауылдық (селолық) округтерінің малдарды туберкулезден және бруцеллезден сауықтырудың 1999-2003 жылдарға арналған ЖОСПАРЫ қолайсыз пункттер Аудандар Ірі қарадағы туберкулез және бруцеллез 1999 2000 2001 2002 бруцел лез тубер кулез бруцел лез тубер кулез бруцел лез тубер кулез бруцел лез тубер кулез Ақжайық 1 1 1 1 Бөрлі 2 1 1 Жаңақала Жәнібек 1 1 1 Зеленов 1 1 Қазталов 1 1 1 Қаратөбе 1 1 1 1 Сырым 1 1 1 1 Тасқала 1 Теректі 1 1 1 Орда 1 1 Шыңғырлау 1 1 1 Орал қаласы Барлығы 9 2 8 7 7 кестенің жалғасы Аудандар Ірі қарадағы туберкулез және бруцеллез Қойдағы бруцеллез 2003 1999 2003ж. Барлығы 1999 1999 2003ж. Барлығы бруцеллез туберкулез бруцеллез туберкулез Ақжайық 1 5 Бөрлі 3 1 Жаңақала Жәнібек 3 Зеленов 2 Қазталов 3 6 6 Қаратөбе 1 5 Сырым 1 5 Тасқала 1 Теректі 1 4 Орда 2 3 1 Шыңғырлау 2 5 Орал қаласы Барлығы 8 39 2 6 6
Басқа 10. Ауыл шаруашылығы малдарын туберкулезден және бруцеллезден сауықтырудың 1999-2003 жылдарға арналған негізгі шараларының КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Облыс әкімнің 1999 жылғы 27 мамырдағы шешіміне N 2 қосымша N 110 Ауыл шаруашылығы малдарын туберкулезден және бруцеллезден сауықтырудың 1999-2003 жылдарға арналған негізгі шараларының КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ №№ Шаралардың аттары Орындалу мерзімі Орындауға жауапты 1 Малдардағы бруцеллезді жою және алдын алу жөнінде арнайы малдәрігерлік шаралар жоспарын жасау және оны орындауға жетісу 1.07.1999 ж. дейін Облыстық малдәрігерлік қадағалау басқармасы 2 Күнтізбелік жылда әрбір ауданда, ауылдық (селолық) округте бруцеллезді және туберкулезді жою оның алдын алу жөнінде жұмыс жоспарларын жасау және бекіту, жағдайы нашар пункттерді сауықтырудың, әр ауылдық округте бруцеллезбен және туберкулезбен күресу шараларын жүргізуге бөлінген шығынды есепке алып, індет ошақтарын жоюдың мерзімдерін белгілеу 1.07.1999 ж. дейін Жыл сайын келесі жылдың 1.01.-не дейін Аудандардағы малдәрігерлік қызмет, агроқұрылымдардың басшылары 3 Аудандарда, шаруашылықтар мен елді мекендерде бруцеллезбен және туберкулезбен күресу жөніндегі кешенді, арнаулы және жұмыс шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз ету, тексерудің қорытындысы бойынша қажетті шаралар алу 1999-2000 ж. Облыстық ведомствоаралық кеңес, аудандық үйлестіру топтары, аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, малдәрігерлік және санитарлық бақылау қызметі, ІІБ-нің органдары 4 Мал шаруашылығы субъектілерін, жеке шаруашылықтарды қоса отырып сертификациядан өткізу. Малдардың бақылаусыз орын ауыстыруына жол бермеу Ұдайы Ауылдық округтердің әкімдері, аудандардың малдәрігерлік қызметі, мал иелері 5 Бруцеллез және туберкулез бойынша қолайсыз пункттерде сиырларды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру - Мал тұқымын асылдандыру жөніндегі «Ақжайық» АҚ, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері 6 Туберкулезбен және бруцеллезбен ауыратын малдарды дер кезінде анықтап, союға тапсыруды қамтамасыз. Ауру малдарды 5 тәуліктен артық ұстауга жол бермеу. Ауру малды ұзақ ұстаған ұйымдарды қатаң жауапкершілікке тарту. Ауру малдарды союға тек қана жабдықталған көлікпен тасымалдау, оны мұқият тазалау және дизенфекция жасауды жүргізу. Мал сою пункттерінде малдәрігерлік-санитарлық сараптамалардың қорытындысы қатаң есепке алынсын, егер малдың еті туберкулезбен зақымданғаны анықталса мемлекеттік малдәрігерлік қызметке және мал иесіне тиісті шаралар алу үшін хабарлансын Ұдайы Мемлекеттік, ведомстволық малдәрігерлік қызметтер, ІІБ-ның малдәрігерлік полициясы, мал иелері 7 Сау малдардың бруцеллезді және | туберкулезді жұқтырудан қорғаудың алдын алу шараларын жүзеге асыру және қатаң бақылау орнату - Ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, малдәрігерлік және санитарлық қадағалау, ІІБ-нің малдәрігерлік полициясы 8 Малдарды ұстау үшін басқа орындарға ауыстыру және тасымалдау кезінде санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Сау малдардың бұрын ауру малдар тұрған немесе нұсқауда қаралған мерзімі өтіп болмаған жерлерде малдарды жаюға, суғаруға және ұстауға тыйым салу Ұдайы Мемлекеттік малдәрігерлік қызмет, малдардың заңды және жеке тұлғалары 9 Малдың жазғы орындарының және суаттарының санитарлық жағдайына ұдайы бақылау орнату, инфекцияның көзі болуы мүмкін сыртқы ортаның объектілерін оқтын-оқтын зерттеп және қадағалап отыру Малдәрігерлік қызметке лицензиясы бар облыстық малдәрігерлік лаборатория, мемлекеттік кәсіпорынның барлық деңгейдегі малдәрігерлік қызметтері 10 Бұрын ауру малдарды ұстауға пайдаланылған мал қораларын мұқият дезинфекциялауды және дер кезінде санитарлық жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету. Осындай санитарлық жұмыстарды жүргізуге дейін сау малдарды мұндай орындарға орналастыруға жол бермеу Ұдайы Мал иелері, малдерігердің қыз- метке лицензиясы бар барлық деңгейдегі малдәрігерлік қызметтер 11 Сүтті және одан істелген өнімдерді залалсыздандыру режимінің сақталуына, сондай-ақ агроқұрылымдар мен сүт өндеу кәсіпорындарындағы сүт өндейтін жабдықтардың және көлік құралдарының санитарлық тазалығына бақылауды күшейту Ұдайы Малдәрігерлік және санитарлық бақылау органдары, ІІБ-ның малдәрігерлік полициясы 12 Барлық мал басының бруцеллезге және туберкулезге диагностикалық тексерумен толық қамтылуын, қайта тексеру мерзімдерінің сақталуын, қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес малдардың бруцеллезге қарсы егілуін қамтамасыз ету. Бруцеллезді болдырмау мақсатында аборттар мен төлдердің өлі туу жағдайларын міндетті түрде лабораториялық тексеруден өткізу Белгіленген мерзімде ұдайы Ауылдық (селолық) округтер әкімдері, барлық деңгейдегі малдәрігерлік қызмет, мал иелері «Облветлаборатория» Р.М.К., малдәрігерлік қызметке лицензиясы барлар 13 Бруцеллез бен туберкулез ауруларын анықтау үшін жыл сайын мал өсіруші фермалар мен жеке меншік малдарды тексеруден өткізу. Тексеру қорытындыларын мал иелерінің "сертификаттарына" енгізу 1999-2О03ж Ауылдық (селолық) округтер әкімдері, барлық деңгейдегі малдәрігерлік қызмет, мал иелері, «Облветлаборатория» Р.М.К., малдәрігерлік қызметке лицензиясы барлар 14 Барлық санаттағы шаруашылықтарда және мал шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарда бруцеллезбен және туберкуллезбен күрес жөніндегі шаралардың орындалуын және санитарлық жағдайларды тоқсан сайын тексеруді іске асыру. Тексерулер қорытындыларын жергілікті жерлерде қарау, анықталған олқылықтарды жою жөнінде шаралар алу. Қажет болған жағдайда бруцеллездің және туберкулездің алдын алу және онымен күрес жөніндегі аудандық үйлестіруші кеңестердің немесе облыстық ведомствоаралық комиссиялардың қарауына ұсыну 1999-2003ж Малдәрігерлік және санитарлық бақылау қызметі, ІІБ малдәрігерлік полициясы 15 Малдәрігерлік мамандармен, малшылармен, мал иелерімен, өндеу цехтары мен касіпорындарының қызметкерлерімен, бруцеллез және туберкулездің алдын алу және жою мәселелері жөніндегі індетке қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жауапты тұлғалармен және мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өндеу кезінде санитарлық-малдәрігерлік талаптарды сақтау үшін жауапты тұлғалармен облыстық, кусталық және аудандық семинарлар, қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру 1999-2003ж. Малдәрігерлік және санитарлық бақылау қызметтері, Батыс Қазақстан ғылыми зерттеу малдәрігерлік станциясы (ҒЗМС) 16 Газетті, радионы, теледидарды, парақтар, плакаттар, кітапшалар шығаруды пайдаланып, малдар мен адамдардың туберкулезі және бруцеллез ауруларының алдын алу және оларды жою шараларын насихаттауды іске асыру 1999-2003ж Малдәрігерлік және санитарлық бақылау қызметтері, ҒЗМС 17 Малдәрігерлік және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер бруцеллез бен туберкулез ошақтары анықталған жағдайда тұрақты өзара байланыс пен ақпаратты және арнаулы шаралар өткізуді қамтамасыз етсін: - адамдардың бруцеллезбен немесе туберкулезбен ауруының әрбір жағдайын, оның себептері мен жұғу көздерін анықтай отырып, дер кезінде комиссияның тексеруін қамтамасыз ету; - мал шаруашылығы қызметкерлерін, малды бағып күтетін адамдарды, мал өнімдерін өндеу кәсіпорындарының қызметкерлерін және ауру шығуы ықтимал елді мекендерде тұратын халықты толық диспансерлік тексерумен және бруцеллезбен туберкулез ауруларына зерттеу мен қамтамасыз ету; - мал ұстайтын және мал өнімдерін өндеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін тұлғалардың флюоротекасын жасау 1999-2003ж Малдәрігерлік қызмет. Денсаулық сақтау органдары