О внесении изменения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 9 июля 1999 года № 8 "О судебной практике по применению принудительных мер медицинского характера" Қолданыста
Басқа 0
"Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысына (2002 жылғы 15 тамыздағы өзгерістері және толықтыруымен бірге) мынадай өзгеріс енгізілсін:
19-тармақтың бірінші абзацындағы ", оның ішінде ҚР ҚІЖК-нің 292-бабының 2-бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты қылмыстық істер" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.