О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2000 года N 1227 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1227 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің кейбір ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 420-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 5-тармақта: 1) тармақшадағы екінші абзацта "және куәлік" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2001 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.