О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2001 года N 214 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезеңіне Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) І хатшы лауазымындағы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өкілі көзделсін.
Тармақ 2
2. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттеріндегі:
реттік нөмірі 12-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"бұдан басқа: Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) өкілі 1".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.