О внесении изменений в приказ Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 9 февраля 2001 года N 45 "Об утверждении Инструкции о порядке обложения таможенными платежами и возврата таможенных платежей" Күшін жойған
Басқа 0
"Кеден төлемдерiн салу мен кеден төлемдерiн қайтарып алудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 9 ақпандағы N 45 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзумен байланысты, сондай-ақ Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң бiрыңғай тәртiбi туралы (Мәскеу қаласы, 1995 жылдың 20 қаңтары) Келiсiмдi және Кеден одағы туралы (Мәскеу қаласы, 1995 жылдың 20 қаңтары) Келiсiмдi орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Кеден төлемдерiн салу мен кеден төлемдерiн қайтарып алудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 9 ақпандағы N 45 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Кеден төлемдерiн салу мен кеден төлемдерiн қайтарып алудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:
12-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;
13-тармақтың бiрiншi абзацындағы "10)" саны алынып тасталсын;
16-тармақтың екiншi, бесiншi абзацтары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң баспа қызметi (Г.Т.Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.