Об утверждении изменений и дополнения в Инструкцию о порядке открытия и ведения банками второго уровня специальных счетов граждан Республики Казахстан, амнистированных в связи с легализацией ими денег, утвержденную постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 9 апреля 2001 года N 89 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия и ведения банками второго уровня специальных счетов граждан Республики Казахстан, амнистированных в связи с легализацией ими денег" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруды бекiту туралы "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарының ақшасын жария ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн және бұл өзгерiстер мен толықтыру және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тіркеуден өткізiлген күннен бастап екі күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегі N 89 қаулысымен бекiтілген Ақшаны жария етуіне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екінші деңгейдегі банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргізу тәртiбі туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiс пен
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 17 мамырдағы N 135 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы  V011466_  нұсқаулыққа мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 3-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Сонымен бiрге арнайы есепшотқа осы Нұсқаулықтың N 2-2 қосымшасына сәйкес тiзбе бойынша шетел валютасы шектеу қойылмай аударылады.".
Тармақ 2
2. 15-тармақтағы: "көшiрмесiн" деген сөз "нотариат куәландырған көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын; "үш күндiк" деген сөздер "бес күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Мынадай редакциядағы N 2-2 қосымшамен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа N 2-2 қосымша Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшасын жария ету бойынша арнайы есепшотқа есептелуге тиiстi шетел валютасының ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Австралия доллары
Тармақ 2
2. Австрия шилингi
Тармақ 3
3. Ағылшын стерлинг фунты
Тармақ 4
4. Бельгия франкi
Тармақ 5
5. Голланд гульденi
Тармақ 6
6. Дат кронасы
Тармақ 7
7. АҚШ доллары
Тармақ 8
8. ЕУРО
Тармақ 9
9. Ирланд фунты
Тармақ 10
10. Испан песетасы
Тармақ 11
11. Итальян лирi
Тармақ 12
12. Канада доллары
Тармақ 13
13. Немiс маркасы
Тармақ 14
14. Норвег кронасы
Тармақ 15
15. Португал эскудосы
Тармақ 16
16. Фин маркасы
Тармақ 17
17. Француз франкi
Тармақ 18
18. Швед кронасы
Тармақ 19
19. Швейцар франкi
Тармақ 20
20. Жапон иенi".