Об утверждении изменений в Инструкцию о порядке открытия и ведения банками второго уровня специальных счетов граждан Республики Казахстан, амнистированных в связи с легализацией ими денег, утвержденную постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 9 апреля 2001 года N 89 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi бекiту туралы
"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Заңының қабылдануына байланысты және "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарының ақшасын жария ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер бекiтiлсiн және Нұсқаулыққа өзгерiстер мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г. Марченкоға жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
"Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердің арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу
тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi бекiту туралы"
2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердiң арнайы есепшоттар ашу және
жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 30 маусымдағы
N 272/1 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
"Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердің арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу
тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстердi бекiту туралы"
2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген
Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының
рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi
банктердiң арнайы есепшоттар ашу және
жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа
өзгерiстер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 89 қаулысымен бекiтiлген Ақшаны жария етуiне байланысты Қазақстан Республикасының рақымшылық жасалған азаматтарына екiншi деңгейдегi банктердiң арнайы есепшоттар ашу және жүргiзу тәртiбi туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 5-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "жиырма" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. N 2-1 қосымшадағы "үш күндiк" деген сөздер "бес күндiк" деген сөздермен ауыстырылсын.