О внесении изменений в решение акима области от 9 февраля 2001 года № 38 «О создании Координационного Совета по борьбе со СПИД» Күшін жойған
Басқа 0
«ЖҚТБ індетімен күресу жөніндегі Үйлестіру Қеңесін құру туралы» облыс әкімінің 2001 жылғы 9 ақпандағы № 38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.03.2004 № 102 қаулысымен.
Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының және емдеу мекемелерiнiң басшылығындағы кадрлар өзгерiсiне байланысты ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң "ЖҚТБ iндетiмен күресу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiн құру туралы" 2001 жылғы 9 ақпандағы N 38 шешiмiне төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) Кеңес құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Бекет Тельманұлы Мырзахметов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының
бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары
Бүркiт Елемесұлы Жауымбаев - Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы
бастығының орынбасары, Кеңес мүшесi
Ермек Қасымбекұлы Қасымбеков - облыстық бiлiм беру басқармасының
бастығы, Кеңес мүшесi
Тармақша 2
2) Кеңес құрамынан мыналар шығарылсын:
И.И. Әубәкiров, Ш.М. Қадырбеков, Е.С. Қатаев, Н.М. Кравцов.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.