О внесении изменений в решение акима области от 9 февраля 2001 года № 39 «О Координационном Совете по борьбе с туберкулезом» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы» облыс әкімінің 2001 жылғы 9 ақпандағы № 39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.03.2004 № 101 қаулысымен. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының және емдеу мекемелерiнiң басшылығындағы кадрлар өзгерiсiне байланысты ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң "Туберкулезбен күресу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi туралы" 2001 жылғы 9 ақпандағы N 39 шешiмiне төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) Кеңес құрамына мыналар енгiзiлсiн: Бекет Тельманұлы Мырзахметов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары Мақсот Бижанұлы Иманғалиев - облыстық туберкулезге қарсы диспансердiң бас дәрiгерi, Кеңес хатшысы Бүркiт Елемесұлы Жауымбаев - Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары, Кеңес мүшесi Қайретден Есенғалиұлы Жәкиев - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы, Кеңес мүшесi Ермек Қасымбекұлы Қасымбеков - облыстық бiлiм беру басқармасының бастығы, Кеңес мүшесi
Тармақша 2
2) Кеңес құрамынан мыналар шығарылсын: И.И. Әубәкiров, Б.С. Имашев, Е.С. Катаев, Ш.М. Қадырбеков, Т.С. Сапаров, С.И. Симонов.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.