О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2001 г. № 478 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2000 г. № 1440" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1440 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 478 қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 31.01.2003 № 14 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1440 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 478 қаулысының 12-1 тармағын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы жергiлiктi бюджетiнiң қаражаты есебiнен несие беру шарттары бекiтiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан және қала әкiмдерi жергiлiктi атқарушы органдардың несие беру механизмiн осы шешiмге сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Н. Громовқа жүктелсiн.
Басқа 4. Оңтүстік Қазақстан облысы жергiлiктi бюджетiнiң қаражаты есебiнен несие беру ШАРТТАРЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң 2001 жылғы 29 мамыр № 166 шешiмiне 1 қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы жергiлiктi бюджетiнiң қаражаты есебiнен несие беру ШАРТТАРЫ Осы Шарттар Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" № 2444 заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1440 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" № 478 қаулысының 12-1 тармағына сәйкес әзiрлендi және Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң облыстық бюджеттiң және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi бюджеттердiң (бұдан әрi - бюджеттiң) қаржысы есебiнен бюджеттiк несие берулерiнiң тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментi салалық департаменттермен және басқармалармен бiрлесiп, аймақтық инвестициялық бағдарламаны, сондай-ақ аймақтардың дамуының басымдықтары мен олардың дамуын қамтамасыз етушi түпкi заемшылардың жобалары анықталған экономика салаларын қолдау жөнiндегi бағдарламаны әзiрлейдi.
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi басқармасы салалық департаменттермен, басқармалармен бiрлесе отырып, облыстағы шағын кәсiпкерлiктiң басым бағыттары мен оның дамуын қамтамасыз етушi жобалар анықталған, шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламасымен әзiрлейдi.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмияты жоғарыда көрсетiлген Бағдарламаларды мәслихаттың қарауына ұсынады.
Тармақ 4
4. Бюджет есебiнен несиелендiрiлетiн жобалардың басымды және перспективалық бағыттағы өндiрiстiк қайтымды қызметтi дамытуға, жұмыс орындарын ашуға және сақтап қалуға бағытталуы.
Тармақ 5
5. Бюджеттiк несие бөлу жөнiндегi бағдарламаларға әкiмшiлiк етушi - Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi басқармасы болып табылады.
Тармақ 6
6. Беру мерзiмiне қарай бюджеттiк несиелер мыналарға бөлiнедi:
Тармақша 1
1) қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiнгi мерзiмдегi несиелер;
Тармақша 2
2) орта мерзiмдi - 1 жылдан артық, бiрақ 3 жылдан аспайтын мерзiмдегi несиелер.
Тармақ 7
7. Бюджеттiк несиелер ұлттық валютада берiледi.
Тармақ 8
8. Бюджеттiк несиелер сыйақының бекiтiлген мынадай ставкасымен берiледi:
Тармақша 1
1) банк-заемшы мүддесiнiң ставкасы - жылына 8 пайызға дейiн;
Тармақша 2
2) бюджет мүддесiнiң ставкасы - жылына 2 пайыз.
Тармақ 9
9. Ұсынылатын несие сомасының лимитi:
Тармақша 1
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 15,0 млн. теңгеге дейiн;
Тармақша 2
2) экономика салаларының кәсiпорындары үшiн - 30,0 млн. теңгеге;
Тармақша 3
3) инвестициялық бағдарламалар үшiн - 30,0 млн. теңгеге дейiн.
Тармақ 10
10. Түпкi заемшының банк мекемелерiнде несиелер бойынша, қолданыстағы заңдарда қарастырылған салық, зейнетақы және өзге де төлемдер бойынша қарызының болмауы тиiс.
Тармақ 11
11. Түпкi заемшының бағдарламаларға әкiмшiлiк етушiге төмендегi тiзбе бойынша құжаттар пакетiн ұсынуы: Заңды тұлғалар үшiн:
Тармақша 1
1) Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
Тармақша 2
2) Мекеменiң жарғысы;
Тармақша 3
3) Құрылтай келiсiм шарты (2 және одан да көп құрылтайшы болғанда);
Тармақша 4
4) Статистикалық карточка;
Тармақша 5
5) Қызметiнiң соңғы 2 жылындағы салық инспекциясының белгiсi бар балансы;
Тармақша 6
6) Әзiрленген талаптарға сәйкес бизнес-жоспары;
Тармақша 7
7) Заемшыға қызмет көрсететiн банкiнiң ссудалық қарызының және ақшалай қаражатының нақтылығы туралы анықтамасы;
Тармақша 8
8) Салық инспекциясының бюджетке қарызы жоқ деген анықтамасы;
Тармақша 9
9) Салық төлеушiнi тiркеу туралы салық қызметiнiң растау құжаты;
Тармақша 10
10) Жерге жекеменшiк құқығы туралы немесе жердi тұрақты пайдалану құқығына берiлген мемлекеттiк акт;
Тармақша 11
11) Шаруа (фермер) қожалығының жер салығын төлегендiгiн растайтын құжат;
Тармақша 12
12) Кепiлмен қамтамасыз ету құжаты;
Тармақша 13
13) Ұжым жиналысының кепiлге қоюға келiсiм беру туралы хаттамасы.
Тармақ 12
12. Жеке тұлғалар үшiн:
Тармақша 1
1) Патент немесе куәлiк (салық инспекциясы);
Тармақша 2
2) Әзiрленген талаптарға сәйкес бизнес-жоспары;
Тармақша 3
3) Заемшыға қызмет көрсететiн банкiнiң ссудалық қарызының және ақшалай қаражатының нақтылығы туралы анықтамасы;
Тармақша 4
4) Салық инспекциясының бюджетке қарызы жоқ деген анықтамасы;
Тармақша 5
5) Салық төлеушiнi тiркеу туралы салық қызметiнiң растау құжаты;
Тармақша 6
6) Тұрғылықты жерiнен анықтама (отбасының құрамы туралы);
Тармақша 7
7) Жердi тұрақты пайдалану құқығына берiлген мемлекеттiк акт;
Тармақша 8
8) Жер учаскесiнiң бағалау құнын анықтау актiсi;
Тармақша 9
9) Шаруа (фермер) қожалығының жер салығын төлегендiгiн растайтын құжат;
Тармақша 10
10) Кепiлмен қамтамасыз ету құжаты;
Тармақша 11
11) Отбасының кәмелет жасындағы мүшелерiнiң кепiлге қоюға келiсiм беру туралы қолхаты.
Тармақ 13
13. Бағдарламаларға әкiмшiлiк етушi түпкi заемшылар жобаларының бюджеттiк бағдарламалардың бағыттарына сәйкестiгiн алдын-ала қарауды және жобаларды банк-заемшыларға және тиiстi салалық департаменттер мен басқармаларға сараптау үшiн жiберудi жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Банк-заемшылар түпкi заемшылардың төлем қабiлеттiлiгiне және бюджеттiк несиенi өтемеу тәуекелiнiң дәрежесiне, экономикалық орындылығына, жобаның техника-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiне талдау жасау, несиенi өтеу күздерiнiң болуына және оны қамтамасыз етуге тексеру жүргiзу жолымен түпкi заемшылардың несие ұсыныстарына сараптама жүргiзедi.
Тармақ 15
15. Банк-заемшылар несиелiк ұсыныстарды сараптаудың нәтижелерi негiзiнде бағдарламаларға әкiмшiлiк етушiмен келiсе отырып, түпкi заемшыларды несиелендiру туралы шешiм қабылдайды. Мәжiлiс қажеттiлiгiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 16
16. Түпкi заемшылармен жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен бюджеттiк несие беру туралы несиелiк шарт және оған қатысты құжаттарды (кепiл мен кепiлдiк туралы шарт, төлемдер кестесi және т.б.) жасасуды жергiлiктi атқарушы органның атынан әкiм немесе оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Қаржы органдары бюджеттiк несиелер сомасын, оны әрi қарай банк-заемшылардың шотына аудару үшiн бағдарламаларға әкiмшiлiк етушiнiң шотына аударады.
Тармақ 18
18. Несиелiк шарттарды және оларға байланысты құжаттарды жасасқаннан кейiн, банк-заемшылар түпкi заемшылардың атына несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттiк несиелер сомасы түсетiн ссудалық шоттар ашады. Көрсетiлген шоттан түпкi заемшының есеп шотына ақша аудару не оның төлем құжаттарын төлеу жолымен несие беру жүргiзiледi.
Тармақ 19
19. Орта мерзiмдi бюджеттiк несиенi өтеу бекiтiлген кестеге сәйкес екiншi жылдан басталады.
Тармақ 20
20. Заемшыда бюджеттiк несие бойынша берешек пайда болған - және оны несие шартының ережелерiнде анықталған мерзiмнiң iшiнде өтемеген кезде, қаржы органдары және жергiлiктi атқарушы органдар банк-заемшы (түпкi заемшымен бiрге болған жағдайда) берешектiң қайтарылуын қамтамасыз ететiн тиiсiнше мынадай шараларды:
Тармақша 1
1) гарантқа (кепiлгерге) заңнамада белгiленген тәртiппен оның заемшының берешегiн өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау жөнiнде құжаттарды жiберудi;
Тармақша 2
2) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кепiл туралы шарттың негiзiнде заемшының кепiлге қойған мүлкiн сатуды;
Тармақша 3
3) заемшы несие берушiнiң не банк-заемшының пайдасына үшiн берген заемшының талаптарын басқа тұлғаға ақы төлеу үшiн ұсынуды;
Тармақша 4
4) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заемшыны сотпен банкрот деп жариялауға дейiн сот тәртiбiмен өндiрiп алуды қолданады.
Тармақ 21
21. Нақты себептер болған жағдайда, банк-заемшының және бағдарламаларға әкiмшiлiк етушiнiң келiсiмiмен түпкi заемшы қайтару мерзiмiн ұзарту туралы, бiрақ 12 айдан аспайтындай мерзiмге қосымша несиелiк шарт жасасады.
Тармақ 22
22. Бюджет ақшасы есебiнен берiлген несие банк-заемшы бюджетке негiзгi борыштың сомасын қайтарған кезде және айыппұлдарды қоса алғанда, осы несиеге байланысты сыйақыны және барлық ілеспе төлемдердi толық көлемде төлеген кезде өтелген болып саналады.
Тармақ 23
23. Бөлiнген қаржыны пайдаланушы түпкi заемшылар тоқсан сайын келесi айдың 10 күнiнен кешiктiрмей, бағдарламаларға әкiмшiлiк етушi мен банк-заемшыға қаржының пайдаланылуы жөнiнде есеп бередi.