О мерах по выполнению постановления Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2001 года № 927 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 июня 2001 года № 628 «О квоте иммиграции на 2001 год» и усилению социальной поддержки репатриантов (оралманов) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 927 «Қазақстан Республикасы Президентінің «2001 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2001 жылғы 11 маусымдағы № 628 «Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын орындау және репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндегі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы № 927 «Қазақстан Республикасы Президентінің «2001 жылға арналған көшіп келі квотасы туралы» 2001 жылғы 11 маусымдағы № 628 Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысын орындауда және репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдеріне көші-қон демография басқармасымен бірлесе отырып оралмандармен жұмыс істеудің жағдайын қарастыру және төмендегі мәселелерді шеші тапсырылсын:
Тармақша 1
1) 2001 жылға арналған квотаға сәйкес Ресей Федерациясынан келген репатрианттар (оралмандар) отбасыларын (1 қосымша) қабылдауды және жайластыруды қамтамасыз ету, оларға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай тұғызу;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіпте жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізулері, бау-бақша өсірулері және тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізулері үшін, жер учаскелерін, мал және басқаларын сатып алулары үшін мақсатты шағын несиелер бөлу;
Тармақша 3
3) кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасына сәйкес оралмандар отбасылары мүшелерінің кемінде 70-% ін жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу;
Тармақша 4
4) үстіміздегі жылдың аяғына дейін репатрианттар (оралмандар) тұрып жатқан тұрғын үйлер мен пәиерлерді олардың меншіктеріне беруді қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (О.А. Киколенко):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтік қамтамасыз ету, оның ішінде оларға зейнетақы және жәрдемақы белгілеу мәселелерін шешсін;
Тармақша 2
2) репатрианттар (оралмандар) отбасылары мүшелерін олардың біліктері мен мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналастыру, сондай-ақ оларды қажетті мамандықтарға даярлау жөнінде пәрменді шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Н.М. Дейхин):
Тармақша 1
1) репатрианттарды (оралмандарды) орналастыратын жерлерде олардың жеке бастарының және мүлкінің қауіпсіздігін;
Тармақша 2
2) репатрианттардың (оралмандардың) уақытылы тіркелуін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұруына құжаттарының ресімделуін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларына, және Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға келетіндер мен тұлғалар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі жөніндегі Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы араларындағы кесімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға тілек білдіруші тұлғалардың қажетті құжаттарының ресімделуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) облысқа келетін репатрианттардың (оралмандардың) ақысыз медициналық тексерілуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық білім департаменті (Г.Г. Шек):
Тармақша 1
1) репатрианттардың (оралмандардың) балаларының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім мекемелерінде ақысыз оқытылуы мен тәрбиеленуін ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) репатрианттардың (оралмандардың) шетелде алған білімдері туралы құжаттарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыбілім беру стандарттарына сәйкес тең бағаланатын тануды қамтамасыз етсін. Қажет болған жағдайда кәсіптік оқу орындарында өтпелі оқу жоспарлары және қысқартылған мерзімдері бойынша қосымша оқыту ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектурғановтың басшылығымен репатрианттардың (оралмандардың) әлеуметтік проблемаларын шешу жөніндегі жұмысшы тобы құрылсын (2 қосымша). Жұмысшы тобы аудандар мен қөалалар бойынша репатрианттардың (оралмандардың) жағдайларын қарасын және Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 18 мамырдағы хатында аталған осы жұмыстағы кемшіліктерді қалпына келтіруді қамтамасыз етсін, ол үшін:
Тармақша 1
1) үстіміздегі жылдың 15 тамызына дейін көшіп келетіндерді қолдаудағы қоғамдық қор құру жөніндегі ұсыныс дайындасын;
Тармақша 2
2) бір ай ішінде көшіп келу квотасынан тыс облысқа келген репатрианттарды (оралмандарды) жайластыру, сондай-ақ 1997-1998 жылдары көшіп келу квотасы бойынша келген репатрианттарға (оралмандарға) тұрғын үй алып беру жөніндегі берешектерді өтеудегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруда ұсыныстар дайындасын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және отандастарымыздың тарихи отанына оралғандарының басталғанына 10 жыл құрметіне оралмандардың өкілдерін қабылдауды дайындасын және жүргізсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Басқа 22. Репатрианттар (оралмандар) отбасыларын қабылдау және орналастырудың 2001 жылға арналған квотасының бөлінуі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 6 тамыздағы № 102 шешіміне 1 қосымша Репатрианттар (оралмандар) отбасыларын қабылдау және орналастырудың 2001 жылға арналған квотасының бөлінуі Рет № Қала және аудан аты Ресей Федерациясынан келіп орналасатын отбасы саны 1 Алтынсарин 1 2 Амангелді 3 Әулиекөл 4 Арқалық 5 Денисов 6 Жангелдин 7 Жітіқара 8 Қамысты 9 Қарабалық 10 Қарасу 11 Қостанай 2 12 Меңдіқара 13 Науырзым 14 Сарыкөл 15 Таран 16 Ұзынкөл 17 Федоров 18 Қостанай қ. 6 19 Лисаковск қ. 1 20 Рудный қ. ЖИЫНТЫҒЫ: 10
Басқа 23. Репатрианттардың (оралмандардың) әлеуметтік проблемаларын шешу жөніндегі облыстық жұмысшы тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 6 тамыздағы № 102 шешіміне 2 қосымша Репатрианттардың (оралмандардың) әлеуметтік проблемаларын шешу жөніндегі облыстық жұмысшы тобының құрамы
Тармақ 1
1. Бектұрғанов Серік Шынғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Қаражанов Ақшал Ахметұлы - облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Тармақ 3. Комиссия мүшелері:
3. Бейсенбаев Жаңабай Жолтайұлы - облыс әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала болімінің бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Әбенов Дулат Телғараұлы - облыстық экономика, индустрия және сауда департаментінің директоры
Тармақ 5
5. Аронова Ирина Петровна - аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордың атқарушы директоры (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Ахметов Серәлі Тәжибайұлы - ҚР Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық департаментінің директоры (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Ғайсенова Римма Ғабдолқызы - облыстық мәдениет басқармасының бастығы
Тармақ 8
8. Ғалымжанов Едіге Молдахметұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 9
9. Дейхин Николай Михайлович - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Тармақ 10
10. Дихаев Мереке Қасымұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 11
11. Доценко Галина Юрьевна - Қызыл крест және Қызыл Жартыай облыстық комитеті қоғамының төрайымы (келісім бойынша)
Тармақ 12
12. Киколенко Ольга Андреевна - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 13
13. Новикова Сақыпжан Жәркенқызы - облыстық әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 14
14. Орынтаев Сағындық Мұқашұлы - аймақтық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 15
15. Сағындықов Бақытжан Нұрмағамбетұлы - облыстық ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаментінің директоры
Тармақ 16
16. Шек Генрих Генрихович - облыстық білім департаментінің директоры
Тармақ 17
17. Щеглова Мария Александровна - облыстық қаржы департаментінің директоры