О внесении изменения в решение маслихата от 9 августа 2002 года № 187 «О программе функционирования и развития языков в городе Костанае на 2002-2010 годы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай қаласында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» мәслихаттың 2002 жылғы 9 тамыздағы № 187 шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Мәслихаттың 2002 жылғы 9 тамыздағы № 187 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1712, 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 104 «Қостанай» газетінде жарияланды, бұрын «Қостанай қаласында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Мәслихаттың 2002 жылғы 9 тамыздағы № 187 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Мәслихаттың 2004 жылғы 26 қарашадағы № 105 шешімімен өзгерістер енгізілді, 2004 жылғы 15 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3260, 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 6 «Қостанай» газетінде жарияланды) мына өзгеріс енгізілсін: «Бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» 8-бөлімі, қосымшаға сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3. 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы № 344 шешімі қосымша 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар атауы Аяқталу нысаны Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Болжамды шығындар (мың теңге) Қаржыландыру көзі 1 Барлық мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеру үшін жағдай жасау Қала әкімдігіне ақпарат «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2007 жыл 1160,0 Қалалық бюджет 2 Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді әрі қарай жалғастыру Қала әкімінің шешімі мен басшылардың бұйрықтары «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Тұрақты түрде Қажет етпейді 3 Көрнекі ақпараттардың безендірілуі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес болуын бақылайтын комиссияны құру Әкімдіктің қаулысы «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2007 жыл Қажет етпейді 4 Айдың әр аптасының сәрсенбісін «Мемлекеттік тіл күні» деп жариялау Қала әкімдігіне ақпарат «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2007 жылдың І жарты жылдығы Қажет етпейді 5 Мемлекеттік тілде көрнекі ақпарат, маңдайшалар, билбордтардың мәтіндерін безендіруге бақылау жасау бойынша тексерулер жүргізу Қала әкіміне ақпарат «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Қостанай қ. әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ, «Қостанай» Газеті МКК Тұрақты түрде Қажет етпейді 6 -»Қостанай» газетінің екі тілде тең көлемде жарық көруін қамтамасыз ету; - Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын насихаттау; -»Мемлекеттік тілді үйренеміз» айдарында мемлекеттік тілді оқытудың үздік тәжірибелерін тарату мен жариялау Қала әкіміне ақпарат «Қостанай Газеті» МКК, «Қостанай қ әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Тұрақты түрде Қажет етпейді 7 Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде мемлекеттік тілде оқытатын топтар ашу «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ бастығының ақпараты «Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2007-2008 оқу жылдары Қалалық бюджет қаражаты шегінде Қалалық бюджет 8 Қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашу «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ бастығының ақпараты «Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2007-2008 оқу жылдары Қалалық бюджет қаражаты шегінде Қалалық бюджет 9 Тілдерді оқытатын кабинеттерді оқу-әдістемелік құралдармен, лингафон жабдығымен, компьютерлер және басқа да оқу-ойындар кешендерімен қамтамасыз ету «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ бастығының ақпараты «Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімі» ММ Тұрақты түрде Қалалық бюджет қаражаты шегінде Қалалық бюджет 10 Мәдениет мекемелерінің кітапханалар қорын мемлекеттік тілдегі басылымдармен толықтыру Қала әкіміне ақпарат «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2007-2008 жылдар Қалалық бюджет қаражаты шегінде Қалалық бюджет 11 Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында мектеп оқушылары арасында байқаулар өткізу: -»Қыз сыны»; -»Жігіттің сұлтаны» Байқаулар бойынша ережелер «Қостанай қ. әкімиятының білім бөлімі» ММ Жыл сайын Қалалық бюджет қаражаты шегінде Қалалық бюджет 12 О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық конкурсын өткізу Конкурс бойынша ереже «Қостанай қ. әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімі» ММ, «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Жыл сайын 110,0 Қалалық бюджет 13 Мемлекеттік қызметкерлер арасында қалалық «Қазақшаңыз қалай, қызметкер!» атты конкурс өткізу Конкурс бойынша ереже «Қостанай қ. әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Жыл сайын 100,0 Қалалық бюджет 14 Орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің арасында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атты қалалық конкурс өткізу Конкурс бойынша ереже «Қостанай қ. әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімі» ММ, «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2007 - 2008 жылдар 100,0 Қалалық бюджет 15 Қаладағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы аудармашылар арасында қалалық «Үздік аудармашы» конкурсын өткізу Конкурс бойынша ереже «Қостанай қ. әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Жыл сайын 110,0 Қалалық бюджет 16 Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталған дөңгелек үстел өткізу Іс шара бойынша ереже «Қостанай қ. әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Қостанай қ. әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ Жыл сайын 20,0 Қалалық бюджет