О внесении изменений и дополнений в решение Степногорского городского маслихата от 9 июля 2002 года № С-20/7 «Об утверждении Правил оказания малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилища и оплату коммунальных услуг», зарегистрированного в Управлении юстиции Акмолинской области за № 1277 от 23.08.2002 г Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
№ 1277 2002 жылдың 23 тамызынан Ақмола облысының Әділет басқармасында тіркелген Степногорск калалық мәслихаттың № С-20/7 2002 жылдың 9 шілдесінен «Табысы аз азаматтарға тұрғын жайды ұстауға және тұрғын-үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын-ұй жәрдемін беру туралы Ереженің тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2001 жылдың 23 қаңтарындағы ҚРЗ № 148-11 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 11,14 тармақшаларын және қала әкімшілігінің ұсыныстарына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. № 1277 2002 жылдың 23 тамызынан (№ 36 2002 жылдың 5 қыркүйегінен «Подшипник плюс») Ақмола облысының Әділет басқармасында тіркелген Степногорск қалалық мәслихатының № С-20/7 2002 жылдың 9 шілдесінен «Табысы аз азаматтарға тұрғын жайды ұстауға және тұрғын-үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын-үй жәрдемін беру туралы Ереже тәртібін бекіту туралы» шешіміне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Бұл шешіммен бекітілген табысы аз азаматтарға тұрғын жайды ұстау және комуналдық қызметін төлеуге арналған Ереженің 2 тармағын шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда мазмұндау.
Тармақ 2
2. Бұл шешімнің күші 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап болған құкықтық қатынастарға қолданылсын.
Басқа 3
№ С-26/4 2003 жылдың 19 маусымынан Степногорск қалалық мәслихатының шешіміне қосымша № С-20/7 2002 жылдың 9 шілдесінен Степногорск қалалық мәслихатының шешіміне қосымша Тұрғын-үй көмегі Степногорск қаласы мен поселкелерде тұрақты тұратын тұлғалар, меншік иесі немесе үйді жалға алушы болып табылатын кезде, егер тұрғын жайды ұстау шығындары (жеке меншікті үйді ұстаудан басқа) және коммуналдык қызметтермен пайдалануға жанұяның бюджетінде бұл мақсатқа арналған шығындардың үлесі мүмкіндік шегінен жоғары болса беріледі. Тұрғын жайды ұстауға төлемдерінің мүмкіндік шегіндегі шығындарының үлесі (жеке меншікті үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтермен пайдалануға жанұяның жиынтық кірістеріне қарай белгіленеді: 1 бөлмеден кем пәтерде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер оралман жанұялары, кәмілетке толмаған балалары бар толық емес жанұялар, көп балалы жанұялар - 20 пайыз мөлшерінде; азаматтардың басқа санаттарына - 30 пайыз мөлшерінде. Тұрғын жайды ұстау және коммуналдық қызметтермен пайдалану белгіленген мөлшерден астам төлемдер жалпы негіздерге сәйкес өндіріледі.